1. Еңбексіз жеген нан.
2. Некесіз болған жан.
3. Боямалы тән.
4. Нашадан бұзылған қан.
5. Темекенің түтіні.
6. Арақтың жұтымы.
7. Ақшалы ойынның ұтымы.
Мұндайларға бой бермес, асыл адам тұқымы.
Жан дүниенді жақсартатын 7 жәйіт бар:
1. Әкімдердің шапағаты.
2. Ғұламалардың шариғаты.
3. Байлардың салауаты.
4. Кедейлердің қанағаты.
5. Үлкендердің ұлағаты.
6. Жастардың инабаты.
7. Азаматтың ар-ұяты.
Осыларды азық етеді, асыл жандар жұрағаты.
Тек кетпейтің үш дұға:
1. Ата-ананың қарғыс дұғасы.
2. Мүсәпірдің налыған дұғасы.
3. Аш адамның ашынған дұғасы.
Халқында оларды жазғырар, қасында болса куәсі.
Үш нәрсеге арқаңды сүйеп үйрен:
1. Өмірге арқа сүйемеген - өледі.
2. Уақытқа арқа сүйемеген - өтеді.
3. Жүрекке арқа сүйемеген - өзгереді.
Азамат ерді бақытқа жетелейтің үш нәрсе:
1. Бір қарағанда өзіңе ұнайтын, өзің жоқта абыройыңа, малыңа сенімді әйел.
2. Жуас, мықты, сені досыңа жеткізетін көлік.
3. Кең, әрі қажетті нәрселерге толы үй.
Азамат ерді бақытсыздыққа жетелейтің үш нәрсе:
1. Өзіңе ұнамаған, сенімсіз надан әйел.
2. Жүрмейтің, жолда қалдыратын көлік.
3. Күнде-күнде ұрысатын жаман көрші.
Ұмытпа:
1. Алланы ұмытпа.
2. Ата-ананы ұмытпа.
3. Тамақ біреудікі болғанымен қарын өзіңдікі екендігін ұмытпа.
4. Алған қарызынды уақытылы қайтаруды ұмытпа.
Ұмыт:
1. Біреуге берген садақаңды ұмыт.
2. Біреуге істеген жақсылығыңды ұмыт.
Сақтан:
1. Аманатқа қиянат етуден сақтан.
2. Барлық кезде тіліңнен сақтан.