Зейнеп Ахметова
Жалғасы...
 
"Өзіне пайда іздеп, күнə жасаған адам сол пайдасының арқасында сырт көзге бақытты көрінуі мүмкін. Алайда ол бейбақтың ішіндегі дауылды кім көрген, өртті кім сезген? Адам өзгеден қашса да, өзінен ешқайда қаша алмайды".
      *
Біреуді өсектеп келген адамға сенбе, басқаға сені өсектейтініне сене бер".
      *
Мынау пəни жалғанда мінсіз адам болмайды. Бұл дүниедегі періштелер - сəбилер. Айыбың мен мініңді өзің түсінсең, санасыз болмағаның".
     *
Ақылдылық ертеңгі күн өзіңді бүгін аман сақтауға жəне барлығын бір күнде  тындырамын демеуге тырысады".
      *
Өзіңді сыйлайтын жерге  қайта-қайта жылтыңдап бара берме, қадірің кетеді".
           *
"Сақалдының бəрі ақылды емес, сақал текеде де бар...".
          *
Арман жаста да болады, кəріде де болады. Адамның ой-арманы ешқашан таусылмайды, оны орындауға жолың таусылады".
       *
"Іргетас мықты болуы керек деп көп айтамыз. Егер іргетастың үстіне қабырға берік қаланбаса, төбесі биіктеп еңселенбесе, шатыры жабылмаса, қанша  мықты болса да, іргетастың құны шамалы болып қалады".
"Бабалар аманаты" кітабынан