Топанбай Мейірхан Мейрамбекұлы – жас ақын,аудармашы. 1994  жылы дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Өлең жазуды  жеті жасынан бастаған . Республикалық «Шарапат» шығармашыл жастар байқауының бас жүлдегері.  «el24kz» порталының жоба авторы

 

Мейірхан Мейрамбекұлы ,ерекше жаралған жан.Оның бойындағы жігерлілік,мықтылық кез –келген адамның бойынан табыла бермейді.Өйткені ол  мүмкіндігі шектеулі болуына қарамастан бірнеше тіл үйреніп,аудармашылықпен айналысады,үздіксіз іздену оның басты қағидасы.Адамгершілікті,жан –дүниесі нәзік, үнмен үндесіп, үннен тазалықты іздеп  жан дүниесінің шарқ ұруы, оның  бойындағы тазалықты көрсетеді.Мейірханға, туған күнінде құтты болсын айта отырып,шығармашылығында табысты болуды тілейміз!

«El24kz» ұжымы

  

 

Мейірхан Топанбай, ақын, аудармашы. Кішкентай кезінен бері көзі көрмейді. Бір көзінде кішкене бұлыңғырлап көрсететін əлсіз сәуле бар. Оның үстіне тағы біраз дертпен алысып жүр. Бірақ сонда да тағдырына шағым айтқан емес. Жиырманың үстіндегі жігіт. Француз, грек, түрік, əзірбайжан,орыс тілдерінде еркін сөйлейді. Мейірхан осындай талантты жігіт .

Жанат Жаңқашұлы

 

Жанат Жаңқашұлы  ақын

Мейірхан сенің ішкі қуатың күшті. Күрескерсің! Ақынсың! Талабың таудай! 
Алладан бар жақсылықты тіледім! Шығармашылық табыс тілеймін! Шаттығың сарқылмасын!

 

Гүл Зарқұмар ақын
Оның осы сөзі-өмірге деген құштарлықтың айқын дәлелі.Өз өміріне өкпесіз,кексіз,шексіз құрметпен қарауға кез-келген адамның ерік-жігері жете бермейді кейде...Өйткені,өмір өте күрделі құбылыс.
Немістің ұлы ойшылы Фридрих Ницше:
"Мен өмір жайлы көбірек білемін,себебі,өлім шекарасыда жиі болып көргемін..."деген екен.Демек,өмір мен өлімнің арпалысын басынан кешкен адам өзгелерден анағұрлым терең ойлы,сезімтал болатыны анық.Мейірханның жүрегі махаббат пен мейірімге толы.Оны әлеуметтік желіде жазған әр жазбасынан,аудармасынан байқауға болады.Адамның рухы өлмеген жерде өміршеңдік салтанат құрады.Жазымыш ағашын түп-тамырымен қопарып өзгерте алмасақ та,әр бұтағына мейірім нәрін беріп,әр жапырағына ықылас-ниетпен жан беруге дәтіміз жетеді ғой?! Жақсылық жасаудан,жақсы сөз айтудан жалықпайық!Мейірханның арман-мақсаттарына аман-есен жетуіне тілектеспін! 

Шынар Әбілдә аудармашы

Мейірхан! Өмірде бір көрмесем де сенің еңбекқорлығың мен жігеріңе таң қалып ем. Дерт емген жаның сыздаса да білдірмей, күш-қуатыңды жазуға жұмсап, әр күннен үлкен үміт ететінің – сенің қайсарлығың. Бұл бізге сабақ болар қайсарлық. Өмір қайсар адамның уысында. Сен өмірге текке келмеген аяулы жансың. Сенің білімпаздығың, ізденгіштігің түбі қайырлы болар. Сен әрқашан алдыңа келген адамның бәрі үшін үлгі екеніңді ұмытпа. Сені құрметтейтін әр жанның дұғасындасың. Бағың жанып, еңбегіңнің жемісі еселенсін. Сен дара туған ардақты жансың. Даралығыңды дәріптей біл. Жүрекке қормал болғайсың. Жаны нәзік адамның қолынан көп нәрсе келеді. Тау қопарарлық талабың зеңгір көкті бағындырсын. Сенің амандығыңды тілеймін. Әр адамның өзі үшін де, өзге үшін де жасай алар, сыйлай алар бақыты – тіршілік тауқыметін тартса да, бар қиындықтан жанын биік сақтай алуы. Сен биіксің. Сенің биіктігіңе екінің бірінің жетесі жетпес. Рухы шыдамас. Ал, сен мықтысың! Мақтауға лайық жансың! Қанатың талмасын! Қажыр-қайратың сарқылмасын! Әр жас қосқан сайын алған биігің асқақтай берсін! Алланы сүй! Өмірді сүй! Өзіңді сүй! Жан-дүниеңнің тыныштығын сақтай біл. Бір Құдай өзі қолдап жүрсін!