ЖАЗУШЫ,ДРАМАТУРГ ДУЛАТ ИСАБЕКОВ

75-жас мерей тойы қарсаңында 

Жазушы ағамызды,"EL24KZ" сайтының  және оқырмандарының атынан мерей тойымен шын жүректен құттықтаймыз.

 

 

-Ассалаумағалейкүм ата! Есімім - Ақылбек Балжан Бертайқызы. 

-Уағалейкүмассаләм! Кел. Қайда оқып жатырсың?

-ҚазМемҚызПУ дың үшінші курс студентімін. Дүние жүзі қазақтарына арналған "Жезбұйда" сайтының атынан келдім. Журналисттік тəжірибем аз, енді ғана осындай танымдық сұхбаттармен бастап жатырмын. 

-Жақсы. 

-Сіздің бұған дейін біздің университетте өткен кешіңізде жəне ҚазЭУда(НАРХОЗ) өткен кездесуде болғанмын. Өзіңізден жеке сұхбаттасу журналист боламын деген кез-келген адамның арманы шығар.

Қазіргі таңда қандай туындылар ұсынбақсыз оқырманға, қандай жаңалықтарыңыз бар ? 

-Жаңа кітап қазірге жоқ. Кітап шығару да маған қызық болмай қалды. Ендігі кітаптардың маған түк қызығы қалған жоқ. Бұрын күтіп отырушы едім, жазуға асығып, сондай бір заманның аурасында. Ақындарымыз бірақ шаршамай өлең жазып жатыр. ХХІ - ғасырға ақынның қажеті бар ма? Бəрі лирика ғой. Ойды қопарып айтатын өлеңдер болса екен. Мына өлеңді қара, осы кітап болып шығады 

"Арман қуған бала кез жастық жайлау,

Қараша үйдің күлше нанын аңсаған.

Мақсат пен махаббаты өмір бастау,

Сағындырып сағымдай бұлдыраған." Ал өлең ба осы? 

- "Аю отыр партада, 

Менің елім - Қазақстан" - дегендей болды ғой!

-(Күліп...) Осындай өлеңдер қаптап кетті. Кітап болып шығады. 

-Поэзиямыз ХХ ғасырдың аяғына қарай өзінің шарықтау шегіне жеткен сияқты. Одан кейін өлеңдер жазылып жатса да, есте қалмай, тез ұмтылып жатады. 

- Иə. Қазір журналистика, проза, драмматургия осы үшеуі ғой ең қажеттісі. Біздің қазақ журналистикасын айтып отырған жоқпын. Москваның журналистерінің қолына су құюға жарамайды біздің журналистер. Ой өрісі, мәселені қоюы, аналитикалық ақыл-ой, парасат, кемелдік, биіктік бұның бəрі жоқ. Мəскеуде кітап шығып жатыр, төрт томдық таңдамалы шығармалар жинағы. Тəуелсіздік дегенге ештеңе жетпейді. Бірақ маған мынандай Тəуелсіздіктің қажеті жоқ. Тəуелсіздіктің 25 жылдығында біз асау адамдарды момынға айналдырдық, жігерлі адамдарды жігерсізге айналдырдық, ойлы адамдарды ойсызға айналдырдық, асқақ адамдарды жағымпазға айналдырдық. Осы бір мектеп қалыптасып қалды. Батылдықтың ең үлкені үндемеу болып қалды. Тəуелсіздіктің ай балтасы әдебиеттің басына үйірілді. Қазіргі әдебиет, әдебиет па...

-Біз қазір өтіп жатырмыз "Тіршілік", "Гауһартас", "Талақан186", "Социализм зəулімін" сабақ барысында талдап жатырмыз.

- Сол шығармалардың өзін осы жерде қудалап, "Көкнар ішеді " деп. Сонда Мәскеу емес, орыс емес Қазақтар. Репрессия жылдары Қазақстанда 22 000 адам атылған, Өзбекте 14-ақ адам атылған. Бəрі өзімізден. "Жүз жылдық махаббат" спектаклін көрдің ба?

-Көрдім. Көрдім. "Қап... Əттең өзіміз екенбіз ғой!" деп қайтқанмын.

- Міне сондағы Мағжан ағайды атқан өзіміз екен ғой. Мәскеуден хат келген Мағжанға не істейміз дегенде "Мағжанның тағдырын өздерің шешіңдер. Ол жөнінде Үштіктің қаулысы жоқ. Соттайсыңдар ма, босатасыңдар ма өздерің біліңдер" дегенде, Мәскеуге біз қайтадан хат жазғанбыз "Сіздердің бұларыңыз дұрыс емес. Мағжан атылуы керек." дедік. 1924 жылы Жазушылар Одағының қаулысы бойынша жəне Мəскеудегі "Бірлік" ұйымының шешімі бойынша Мағжан кім? "Мағжан-понтюркист", "Мағжан - Жапонияның финионы", "Мағжан - байдың тұқымы", "Мағжан-ұлтшыл", "Совет өкіметіне қарсы" деп айып тағып, Үштіктің қаулысын өзіміз сұрап алғанбыз Қазақстан Жазушылар Одағы. Мына "Тіршілік" үшін сол баяғы Кеңес өкіметі болмағанда Қазақтар мені де аттырып жіберер еді. Пленумда баяндама жасады "Дулат Исабеков жасампаз қоғамымызда белсенді кейіпкерлерді алмайды. Оларды жазбайды. Ылғи да көкнаршы, дуана, сүйекші, мола қазушыларды жазады." деп... Соның өзі жеткілікті еді атып жіберуге. Қайта Мəскеу бір жағынан құтқарып та қалатын. Бес жыл бойы менің кітабымды баспай қойғанда Мəскеуге бардым. Советский писатель баспасының директорына. "Понимаю вас, понимаю" деп, ол кезде ол директорға кіру қиын, үш-төрт күн күтіп жаттым. Ол да біраз аяғын тартыңқырап қалды да осындай Қазақстанның өзі сөйтіп жатса біз қайтеміз дегендей... Редакторды Орнольд Осфолдович Там деген кісіні шақырып алып оқы "Алдымда Қазақ жазушысы отыр, оны ана жақта ренжітіп жатыр. Марихуаноны жазған Кеңес өкіметінің алғаш жазушысы. Осы мәселені шешіңізші. Кітапты алып  оқып көріңіз" деді. Содан кейін сол редактордың кабинетіне келдік. Надежда Григорьевнаны шақырды. Қателеспесем редакторым сол болуы керек. Соған тапсырды. Содан мен келдім дағы, ол кезде аударылған жоқ шығармалар. Ақша төлеп аударатынбыз. Осы күнге шейін ақша төлеп аударғызамыз ғой. Жылдам жасатыңыз да бізге жіберіңіз деді. Повесттерімді жылдам жасатып Мəскеуге жібердім. Бірақ үмітім аз болған. Ойладым қалайша менің кітабым басылмай кетеді деп... Оның үстіне Мәскеуде бастырмасаң сенің кітабыңды ешкім мойындамайды. Əлі де сол ғой. Сөйтіп сегіз айдан кейін хат келді. Олар рецензияға беріпті. Үш рецензияға. Үшеуі де қуанышты пікір жазыпты. Əсіресе тапсырып берген ғой "Тіршілікті" қатты көңіл бөліп оқыңыздар деген. Олар соған қатты көңіл бөліп оқыған. " Мұнда артық ештеңе жоқ. Автор жол айырығындағы адамдардың адасуын жазып отыр. Бұл адам тағдыры." деп сонымен олар 1979 жылға жоспарлап, кітабыңызды аударуға кірісеміз деді. Сөйтіп 1979 жылы кітап болып шығып кетті баспадан. Содан кейін үлкен мақала басты. Қазақ әдебиеті туралы бірінші көлемді мақала жазды. Оның көлеміне шек қоятын бұрын. Сөйтіп соған "Цена доброты" (Мейірбандық бағасы) деген үлкен тақырыппен мақала жазып мені бəрінен құтқарды да жіберді. 

- Қазір ҚХР да өнер көрсетіп жатыр ғой Димаш Құдайберген. Қазақ Қазақты мойындауы үшін оны əлем мойындауы керек пе деген ой келеді. Оған дейін сахнаға шығып жүрсе де мойындаған емеспіз ғой!?

- Иə, мойындамаймыз ғой! Ол бір. Біз ешнəрсені өзімізше мойындамайтын халықпыз. Мен биыл 75ке толамын. Осыған анық көзім жетті. Шетелде пьеса қойған жалғыз мен ғана. Бұл қуанышты ма, өкінішті ма ? Мен үшін өкінішті. Неге осы уақытқа дейін жалғыз мен ғана қойдым? Қайда біздің басқа авторларымыз ? Соншалықты жаман шығармалар жазған жоқ еді. Содан кейін бізде мемлекет тарапынан ешқандай қолдау болмайды. Тіпті мен алғаш рет Петербургте пьессамды қойдым. Қайтып келгенімде бір селт етіп қуанып қолымды алмады. Тек қана мемлекет емес, шенеуніктер емес, қатар құрбыларым. Тіпті өзімнің айтуыма тура келді. Мен осындай барып келдім деп... "Əəə" деді де қойды. Одан кейін Ресейдің көп театрында қойылды ғой. Петербургте екі театр қойды. Онда да селт етпеді адамдарымыз. 

-Біліп отырған шығар?

-Білгенде қандай. Біліп отыр. Тіпті бір дастарханда отыр тойда кездесіп қалдық, сонда ешкім ештеңе демеді. Мен ойладым əй мынау Талғарға барып келсем де сұрайды ғой "Талғарға неге бардың? Қалай екен деп " (күліп). Əдейі Петербургке неге бардың деп сұрамады. Ар жағында айтылып кетейін деп тұр да. Ол енді Петербург. Енді кезекте Лондон. 

-Кэмбридж университетінде "Өкпек жолаушының" тұсаукескері болды. Қалай барып қайттыңыздар? 

- Иə. "Өкпек жолаушыны" театрда қойды. Оны орыс газеттерінде жазып шығарды. Қазақ газеттеріне айтқанбыз Жас Алаш газетіне неге шығармағанын білмеймін. Айттым Қазақ пьессалары күнде Лондонға шығып мезі қылған болуы керек. Сендер тіпті мəн бермейсіңдер ғой дедім. Қазақ Əдебиеті газеті де жұмған аузын ашпады. Қайта Оңтүстік газеті бір бетке айқайлатып тұрып берді. Одан кейін Лондондағы Лордтар палатасына барып халықаралық сыйлық алып келдім. Тағы да Лордтар палатасында тұңғыш рет сөз сөйлеген Қазақтың жазушысы менмін. Оны да айтпады. Тіпті Астанаға барғанда шенеуніктерге сөйлесіп тұрып Лондонға барып келдім, пьессам қойылды деп айтсам, əшейін жəй ақпарат сияқты қабылдай сала телефонмен сөйлесіп отыра береді. "Ой жақсы болыпты ғой! Тұңғыш рет Қазақтың абыройы ғой!" десе қуанасың. Ал бірақ кетіп бара жатқан кезімде Президент қабылдаған резиденциясында. Ол кісі естіп қуанды. Мұның жақсы болған екен. Сəт сапар деп сағатын берді. Сол кісіден басқа ешкім қуанған жоқ.

-Кітап оқымайтындығынан да болар бүгінгі қоғамның?

-Оқымайтындығынан емес қызғаныштан. Көре алмаушылықтан. Сөйтіп ойлады дағы, бірақ ол туралы да пьесса жазып қойдым ғой. "Тор" деген Булгаков жайлы "Сталиннің репрессиясынан аман қалған Булгаков, қызғаныштың репрессиясынан аман қалмады". Қызғаныш түбіне жетті, қатты қайғырды. Газеттер қуанып тұрып жазды. Жақын арада қаулы бойынша Булгаковтың барлық пьессалары қойылады. Құттықтаймын сізді деді. Нобель сыйлығына ұсынылып кетеді деген сияқты... Соныменен, ал қызғансаң тағы дегендей мен тағы бара жатырмын. 1-қазан күні Лордтар палатасының акті залында менің 75 жылдығымды атап өтеді. Қазақстаннан бұрын. Ал бұған не дейсің ?

- Жиырмасыншы желтоқсанда иə туған күніңіз. Бірақ біз əлі бастаған жоқпыз ешқандай құттықтау іс-шараларын.

- Қазанға ауыстырып алдым. Тағы да ауыстырамын ба деп жүрмін. 

-Неліктен ?

- Шаршатады бір күнде. Біздің де туған күніміз белгісіз ғой (күліп). Метіркенің өзін екінші сыныпта жүргенде алып келіп берген ағам. Ол қайдан біледі. Ол кезде соғыс қайнап жүріп жатқан кез. Жоқшылық. Ауылда үйде туған. Калхозыңда медпунктте жоқ. Шешем жалғыз бес баламен. Əкем соғысқа кетіп қалған. 2014 жылы тұңғыш рет "Бір драматург" деген фестиваль өтті 70 жылдығымда. Он екі театр келді, алты театр өзімізден (М.Əуезов, Лермонтов, Жастар орыс театры, Кəріс театры, Қарағанды жəне өз облысымнан Шымкент театры), алтауы шетелден (Петербург, Омск, Тәжікстан, Башқұртстан, Болгария т.б) келді. Енді сол сияқты бұлар да өткізейін деп жатыр. Лондонда 75 жылдығымның құрметіне. Көп нəрсе қаржыға келіп тіреледі ғой. Үш театр баратын болды М.Əуезов "Жаужүрек" спектакльімен, Кəріс театры барады. Содан кейін үші күні "Аққу жүрекке" примера басталады. 4,5,6,7 сі төрт күн қойылады. Сонымен қайтамыз. Қазірге осылар жасап жатқан тірліктеріміз. Түсінетіндер қуанып жатыр. Барам десеңдер барыңдар. Өзбектер, Армияндар, Грузиндер көшіп барады. Біз тек қана мақтанумен ғана келе жатырмыз. Пиар, пиар, пиар. Бəрінен оздық. Бəрінен алдамыз. Ал шетке шығып қарасаң ондай емес секілді. Лондонда мені БИБИСИ ге шақырды. Сөйтсек барлық Республикалардан редакциялар бар дə, Қазақстаннан жоқ. Қайда десем "Біз көбінесе орысша сөйлейміз. Сондықтан Ресей арқылы біле береміз" деп кетіп қалған. Бүкіл басқаруда өзбектер. Жаңағы менің спектакльімнің режиссері өзбек жігіт – Юлдаш Жорабаев. Сол жігіт Ташкентке спектакльді алып келді. Бардым, екі күн көрсетті. Өте жақсы. Ағылшын тілінде жүрді. Зал толы өзбектің жастары. Оңтүстікке барып айттым 300шақырым жерге Лондоннан келді, шақырайық өздері асығыс көп нəрсе де күтпейді олар, ондайға үйренбеген дедім. Ешкім елеген жоқ. Пушкиннің мынадай сөзі бар "Черт догодал, с таким талантом, умом родится мне в Россий" деген, қай сайтан азғырып осынша талант беріп, ақыл парасат беріп мені Ресейде туғызған деген сөзі ғой енді. Пушкиннің өзі солай дегенде біз қалай боламыз? Сонда айтып ем "Орыс болып тумаған екенмін, грузин болып тумаған екенмін, ең жоқ дегенде өзбек болып тумаған екенмін" дедім. Осыдан кейін бізді əлем қалай танысын? Лондонға кітапханада болдық. Қазақстаннан менің "Гауһартас" деген кітабым ғана бірінші орынға ие болды. Біреу-ақ. Абай жолы тұр оны да "Мəңгілік сақтаудан" алып тастаған, себебі Мəскеудің "Прогресс" баспасынан шығыпты. Қ. Мұхамеджановпен Ш.Айтматовтың "Көктөбедегі кездесуі" тұр. Бұл ағылшындар қазір принцип қойды Англияда шыққан Англияда тұратын жазушының аударған кітаптары ғана "Мəңгілік сақтауға" қоямыз деген.

(сұхбаттың жалғасы бар)

Сұхбаттасқан: Балжан Ақылбек Бертайқызы