М. Идаятқызы
Аударма Мұсабеков Алмасқа арналады.
Бəрінен жалыққанда,
Жүрегім зарыққанда.
Аударма Мұсабеков Алмасқа арналады.
Бəрінен жалыққанда,
Жүрегім зарыққанда.
Бал күнді сағынамын,
қош деген бір-ақ таңда. Ескі күндерді парақтай қалсам, бір тəтті естеліктер жүрегімді жылытады. Білерсіз, жүрек жылынған шағын ешқашан ұмытпайды. Басқа-басқа. Сəби жүректен ол мəңгілік орын алады. Екі мың оныншы жылы мен бесінші сыныпқа бардым. Сол жылы мені төбесіне көтеріп, бар тəттісін аузыма тосқан əжем дүниеден озды. Көңілімнің терезесіне бір-ақ күнде аяз қатты. Бала жүрегіме сағыныш жабысты. Сағыныш - терең құздай, бір ырқына бой алдырсаң көңіл мұздай. Адамдарға салқын қарап-қарап, өзіңді кең əлемде жалқы санап жоқ болады екенсің...
Мен сол сағыныштың ырқына көніп, сағыныш дерті жеңіп бара жатқан. Балалық - еркелікпен өлшенбек. Мен əжем кеткен күннен əке-шешемнің үйіне келдім. Əке-шешемнің тəлімін он жасқа дейін мүлдем көрмегем. Бар үйренген нəрселерімнен айрылып, басқа нəрселерді біртіндеп емес, бір сəтте қабылдауға мəжбүр болдым. Сондай кезде кім маған қолын созды деп ойлайсыз? Мені балалығыма қайта оралып, бар қайғымды жеңілдеткен жан - Алмас ағай! Атын əр айтқан сайын қарашығыма жас толады. Сол кездерді сағынамын. Адамның жүрекке жол табуына көп уақыт керек емес екен. Бір жыл ғана. Бір жыл əдебиеттен сабақ беріп, талай жас балалардың ақ адал досы бола білген ағайыма таңмын.
Ал, ағай екеуміздің етене жақын болуымыздың басты себебі - ата-əженің баласы болуымыз. Тамыры бір ағаштың гүлі де бірдей болмай ма? Ол кісі менің басымдағы хəлді өте жақсы түсінді. Жүрегімен сезінді. Жүрегімдегі сағынышты жан жылуымен ысырып, жүзімді күлдіргісі келді.
Əр сабақта бір өлеңді жаттатып жүрді. Өлеңнің емдемейтін жарасы жоқ екенін санама сіңірді. Иə, солай! Жүзімді де күлдірді. Адам ретінде хəм ағам ретінде ұмытылмас жақсылық жасады.

Мейірхан Мейрамбекұлы аудармасы