"Салмақ сөз"
Медине Гүлгүннің "Естелік" кітабынан
Аудармамды Əн ағам ,Бірімжанов Әнуарбек Жәлелұлына арнадым
Мен елге ұқсамаймын. Мен ел секілді емеспін. Ағам десе, алты құрлықты жаяу кезіп кетуге бармын. Аға деген сөз - ағасы жоқ жандар үшін ең қадірлі сөз. Ағасы барлар ағаның тау тұлғасын көрсем деп, мен секілді сəби шағынан қол жайып дұға жасамағаны анық. Ағасы барлар қорғаны бар екенін кейде біліп, кейде білмейді де. Өмірдің заңы болар, зобалаң жылдармен балалығым тұстас келіп, мен ешкімді ағалай алмадым. Ішімде өлмеген бір арман қалды, ащы аңсар тұншықты.
Біз - азамат атын ардақ тұтқан ұрпақпыз! Баба сөзін - бағасыз байлыққа, əке сөзін - өлмейтін өсиетке, аға сөзін -ақ əділ тілекке балағанымыз ақиқат. Мен сəби көңілмен өзімнен үлкен алты бірдей ағамды келер деп күттім. Аға! Көршінің балаларын қанша жүрекпен ағаласам да, олар маған жақындық танытпады. Таныта алмады. Аға болу - болмыстың ірілігі мен ар мен ұяттың тірілігінен. Ағалық атқа арлы азамат ғана жете алмақ. Бұрын барлық жасы үлкен ер азаматтар аға сияқты көрінетін еді. Өмір алға озған сайын ағаның жәй сөз еместігін ұқтыра бастады. Ол сөз - қадірлі жандар ғана естуі тиіс сөз екен! Ол сөзді əркімге бір қолдана беруге де болмайтынына күн өткен сайын көзім анық жетуде. Аға деген - асқақ ат. Абыройсыз бен ақылсыз оған жете алмайды. Ағалыққа сіз секілді, бағлан болмыс жандар ғана жетеді. Сіз - ағасыз! Ақ қалпақ киген шыңдар секілді, мені сабырға баулып келесіз!
Салмақ сөз
Ақ қарға жазып,
Арман хаттарын.
Кетіппін-ау азып,
Сенсіз дастаным.
Кешіп жүрмін жалқы,
Көңілдің суық ақпанын.
Тағдырым жасап талқы,
Бір жырды ғана сақтадым.
*
Ерітер келген көктем күн,
Тоң болып мұздар қатса да.
Теңіздей тылсым сендік үн,
Кезікпейді тектім басқа да.
Маңғаз таулардай мені бар,
Қарайтын көңілдер жасқана.
Шағала дауылдан қорықпас,
Жасымас,'теңіз ана қойнында.
Сендей жан енді жолықпас,
Тарамыс тағдыр жолымда.
Теңізсіз мені ешкім де ұқпас,
Шағала болдым шынында.
Қаттылығыңды қайрат қып,
Жолымнан жаңылмап едім.
Ақ жүрегіңді айбат қып,
Жүректі ғана мойындап едім.
Аспаныммен теңдес өрі бар,
Қорғайтын арсыздан сақтана.
Расында жүрегіңнің түгі бар,
Адамдық қана ол үшін бас баға.
Салмағы сөздің кеткенде кеміп,
Салмақты сөзіңді күткенім анық.
Қалғанда үмітімнің шырағы сөніп,
Жарық -сіз, именер қараңғылық.
Жүрегіме жырдың дəнегін сеуіп,
Қиялыма жалғыз сен -темірқазық.
Салмақтап сөз айтуға жаралғансың,
Жүрегің - би, Сабырың - биік, санаң - өр.
Сен менің ар айнама да айналғансың,
Саған лайық, саған лайық көңіл төр.
*
Салмақты сөз - сабыр мен ақылды қатар ұстаған жүректен туады.
Әзірбайжан тілінен аударған :Мейірхан Мейрамбекұлы