"Еуразия" Бірінші арнасының журналисті Асаубек Айымбетовтың телевизия мектебінің ашылуына орай
"Эфирде көрерменге сүйкімің болмаса, сөзің шекердей тəтті болмаса, эфирде көрермен үшін қызмет жасай алмайсыз. Ал, эфирде көрермен үшін қызмет жасамай, көрермен қалаулысы атанбайсыз. Көрермен үшін қызмет жасау дегеніміз -көрерменді сүюден басталып, көрерменге əруақыт жақын болу. Осы қасиетті бойына сіңірген жанның жас тілшілерге үйретері де мол"
Д. Топырак.
Бүгінгі күні эфирге қалай келгенің маңызды емес, эфир көшіннен алған орның маңызды. Əлемнің ақпарат кеңестігінде бір тұжырым бар. Ол - көрермен талғамын дөп басып, көрерменнің көңілінен шыға білу. Көрермен көңілінен орын алған жанның бағдарламасының рейтенгісі жоғары болатыны айқын.
Эфир - танымалдылықтың даңғыл жолы. Иə, жаһандану заманында бəрінің атақты болуға ұмтылысы күшті. Десе де, эфирге қызығушылық дегеніміз - атақты болуға ұмтылудан биік болуы тиіс. Көңіл төрінде эфирге деген - ақ адал махаббат болмаса, атақты болуды ғана көксеп эфирге келген жан қанша жыл жүрсе де ешқандай ілкімді іс жасай алмайды. Ал, эфирге махаббатпен келген жан жолында кезіккен кедергілерге жеңілмейді. Рухын шыңдайды. Шыңдалу - өз болмысыңды адаспай табуына сеп болады. Эфирде көрермен үшін қызмет жасайды. Бұл ойға келуімнің себепкері - Асау ағам!
Бозбала шағынан эфир көшіне ілесіп, жаңалықтар сынды ақпарат қазанында қайнаған адамды кім десе болады?!... Əрине. Эфирге ғашық жан дейсіз!
"Эфирде көрерменге сүйкімің болмаса, сөзің шекердей тəтті болмаса, эфирде көрермен үшін қызмет жасай алмайсыз. Ал, эфирде көрермен үшін қызмет жасамай, көрермен қалаулысы атанбайсыз. Көрермен үшін қызмет жасау дегеніміз -көрерменді сүюден басталып, көрерменге əруақыт жақын болу. Осы қасиетті бойына сіңірген жанның жас тілшілерге үйретері де мол" -деген-ді
Д. Топырак босқа айтпаған секілді. Асаубек Айымбетов - қазақ телевизиясында Мейіржан Əлібекұлынан кейінгі үн мен келбеті бірдей үйлесім тапқан айташы. Тұлғалық мəдениеті биік жас. Еңбекқор. Өзін дамытудан жалықпайтын жан. Эфирдің қыры мен сырын бір адамдай жас талапкерге үйретуге қауһарлы. Тұлғалық мəдениеті биік адамның берген тəлімі - бір ғұмыр азық.
Мейірхан Мейрамбекұлы