Сузан Алтынташ
Аударма Есет Қаниевке арналады
Дарабозым,
даласына сай туған.
Дарабозым,
жүрегінде жыр тұнған.
(Халық əнінен)
Бір жүректің арман отын тұтату оңай ма? Оңай емес. Бүгін білдім. Жетінші сыныпты аяқтаған жылым. Кішкентай ғана ауыл сыртындағы егін алқабымыз бар. Əкем қызылша, жуа егетін. Бір күні əкем күндегіден де ерте тұрып, үсті-басын реттестіріп, қонаққа барардай əбігерленді. Анам да күндегіден гөрі тəтті бəліштерін пісіріп, əкеме қарап жылы  жымиып қояды. " Теледидарға шығамыз, қызым! Шашыңды-басыңды реттестір. Журналист қыздардан ұят"деген əкемнің сөзіне аса мəн бермедім. Алыстағы ауылға ат терлетіп, журналист келеді дегенге сенбесем керек.  Сиыр сауып, тыстың шаурасымен жүре бердім. Іштей журналист деген кім деп қоям. Мен өзім теледидар көруге қызықпайтынмын.  Менен кішілер теледидардың алдынан тұрмайтын. Сол күні егін алқабын түсіру тобы келді. Келесі күні журналисттің келетінін жеткізді. Үйдегі кішілердің қуанышында шек жоқ.  Олар өздерінше теледидардағы əншілердің бірін тосуда. Мен болсам, түнде ұйықтаудың орнына журналисттің келуін енді шындап тоса бастадым.  Ертесі күні мен таң ертең ерте тұра алмадым. Үйдегілер мен түсірілім тобындағы ағалар егін басына кетіп қалыпты. Беті-қолымды жуып,  үйдегі ешкі-сиырды саууға отыра бергенім сол еді. Көп күткен журналист аға да келіп жетті. Жылы жымиып қасыма да келді.  Тілімді жұтып қойғандаймын. Жақ аша алар емеспін. Үнсіз ғана бетіне қарап тұра беріппін Содан бір бес -он  минут өткенінде есімді жиып, ағамен таныса бастадық.  Үсті басын ақ жаңқадай таза ұстайтын сыпайы ағаның түр-тұлғасындай тұлғаны бұрын ауылдан еш көрмегенім де рас.  "Балажан адамға жұғысу оңай,болбыр адаммен ұрысу оңай" деген емес пе? Таныстықтың алғашқы жарты сағатында-ақ ағаның дауысындағы тазалыққа мəн беріп, ол кісіден журналистикаға қатысты дүниелерді сұрап үлгердім.  Жақсы ешкімді жат көрмейді. Бар сауалдарыма бар ынта-шынтасымен жауап беріп, өз туған  ағамдай мейірімін төкті. Содан егін алқабына келдік. Журналист ағам келе түсірілім тобы жұмысқа кірісті. Ал, аға көсіліп сөйледі-ай дейсіз. Əкемнің жасаған еңбегін бір ауыз сөзбен бағалап, əкемнің көңілін бір-ақ сəтте  өсіріп жіберді.  Əкемнің баладай қуанғанын көріп, менің жүрегімде журналистикаға деген махаббат оянды. Ағадай болсам деген қалау пайда болды. Түсірілім біткен соң анам бəрімізге арнап, дəмді дастархан жайды. Мені аға қасына отырғызып, өзі оқып жүрген бір кітабын сыйлады. Сол кітаптың алғашқы бетіндегі өлең - "Дарабоз". Мен үшін  сол кезде дарабоз сөзі ағаны суреттегендей көрінді. 
Бір ғана кездесуде  аспандай асқақтығын танытып, кісіге кішіпейілдігін көрсеткеніне əкем шын  ризашылығын білдірген болатын.
Бір ғана жылы шырай - бір арманға жол ашады. Бір ғана қатулы қабақ арман гүлін отайды.  Жай ғана... Эфирде дарабоздай дараланғың келсе, жүзіңдегі жылы шырай мен кісілігіңді жойма. 
Дəл аға сияқты...
 
Түрік тілінен аударған Мейірхан Мейрамбекұлы