Р. Демирел

Жұлдыздар...
Жыр тыңдар.
Аспанның еркесі,
Мұңыма құмар.

Ерке  өзенім,
Бейне өзегім.
Судың еркесі,
Құндыз  сүйгенім.
Аспанға еркелер,
жұлдызым көгімде.
Ақ суға еркелер,
Құндызым өзенінде.
Арулар бар жұлдыздай,
Жарығын жүрек аңсар.
Арулар бар құндыздай,
Ақылыңды тауысар.
Сұлулық шіркін құдірет,
Бір сəтте есің ауысар.
Ақ сезімді сарқудан қорқып,
Сұлулықты əзер санам қорытып.
Құндыз дедім, жұлдыз дедім,
Сұлулығына бар адам ынтық.
Жырласамда сан  қилы,
Сөзінен жұпар аңқиды.
Жер бетіндегі ару ол,
Жүрекке құйылған жан нұры.

 

 

Аударма Жұлдыз Аймашқызы Əбдіхалықоваға арналады
Аударған:  Топанбай Мейірхан
24.12.14.