- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Перінің қызы туралы ертегілерді көпшілігіміз естігенбіз. Аңыз әңгімелерге қарағанда, перінің қызы соқса, адамның бет-ауызы қисайып, ауруға шалдығады екен. Бұрынғы кездері пері соққан адамды молдалар оқып, ауруынан айықтырған көрінеді. Алайда, заманауи медицина мұндай жағдайды жүйке жүйесінің ауруына жатқызады.Өткен ғасырдың бірінші жартысында Шонжыда жалпақ елге аты мәлім болған Райыс Құйрықпайұлы деген молда өткен екен. Ол кезінде Ақыт қажының мешітінен тәлім алып, екі жыл Ақыт қажыға көмекші болып, бала оқытқан.
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Мен бір басымнан өткен жағдайды сіздермен бөліскім келеді. 21 жасымда тұрмыска шықтым. 5 жыл көтере алмай катты киналдым. Жолдасым екеуміз бармаған жер баспаған тауымыз калмады. Емнің түр-түрін кабылдадык. Мүлде балалы бола алмайсыңдар деп ешкім айтпайды, толык диагноз ешкім коя алмады.
Солай киналып, жылап жургенімізде, менің нағашы атам қатты ауырып қайтыс болды. Бізде бардық. Адам көп, абыр-сабыр арасында анам сені молда күтіп отыр деп сыбырлады. Сол сәтте біз отырған бөлмеге молдекең басын сұғып: "Кызыңыз келді ма?"- деді, анама карап. Анам көзімен мені көрсетті.
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Мектепті таяуда ғана бітірген Әсияның қуанышында шек жоқ. Жастайынан басынан басы артық құс ұшырмай өсірген әке-шешесі міндетті түрде оны армандаған.Алматысына алып барары сөзсіз. Оның үстіне мектеп қабырғасында жүріп-ақ, халықаралық олимпиадаға қатысып, білім грантын да ұтып алған. Сондықтан да, артына қарайлайтын ештеңе де қалмады. Тек қана ішінде бір өкініш бар. Егіз қозыдай бірге өскен құрбысы екеуі ары қарай да бірге оқуды армандайтын. Амал не, Гүлмира мектеп бітіру кешіне киетін көйлегін алуға қалаға бара жатқан жолда жол апатынан көз жұмды. Жас кетті. Бүгінде бір төбе топыраққа айналып қалған құрбысын қимай кетіп барады. Тірі қалғанында әлі талай күндерді, студенттік өмірдің бал шақтарын тура екеуі армандағандай етіп өткізер ме еді, кім білсін...
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
«Мен бұл оқиғаны басымнан кешірмесем, мұндайға еш сенбес едім» деп бастады әңгімесін Рақымжан аға. – Баяғыда қазір сүйегі қурап қалған Қаңтарбай шал бір нәрсені көңірсітіп айтып, отырушы еді.
Сонда «осы алжыған шал өлер алдында болмас дүниені айтып, елдің басын қатыратыны несі?» деп ренжуші едім. Ал енді өз басымнан кешкенді айтпас бұрын, сендерге Қаңтарбай шалдың айтқан әңгімесін айтып берейін. Өздерің білесіңдер ғой, ол кісі – өмір бойы қойшы болып өткен адам.
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Жоғары оқу орынында оқып жүрген кезімізде поездбен жиі жүретінмін. Мерекелік демалыстар болса да шамалы күнге үйге барып келіп тұрғанды жақсы көретінмін. Әдеттегідей кешкі пойызыма отырдым. Демек ертеңгісін ауылымда болуым керек. Айналдырған он екі сағаттық қана жол болған соң жолға аса бір көп тамақ алған жоқпын. Бір бөтелке су мен шоколад қана сатып ала салдым. Негізі пойызға мінгенде шудың ортасында кітап оқығаннан гөрі жатып ұйықтағанды жақсы көремін. Көзім ілініп кеткеннен түн ортасы ауғанда шамамен үштер шамасында оянып кеттім.
Страница 32 из 38