Бұл бала кезімде болған уақиға еді, - деді Еркін,- мен ол кезде тоғыз жастамын. Әпкем 8 классты бітіріп, педучилищеге оқуға түсемін деген соң үй іші оған келісімін берді.

«Ендеше, ертең педучилищеге барып емтихан тапсыратын күнім, жаныма бауырымды серік қылып ала кетейін» дегенге, анам қарсы болған жоқ. Мен де: «қаланы көремін, балмұздақ жеймін» деп қуанып қалдым. Таңата қалаға баратын дайын көлікпен Көкшетау қаласына жеттік.

  Өмірде не болмайды дейсіз… Адам сенгісіз әртүрлі оқиғалар орын алып жатады. Тағдырдың тарамыс жолдары талай жандарды тепкіге салады. Бір өмірде болған оқиға айтайын. Әңгіме газет бетінде жарияланған. ...

    Бұл оқиға менің жас кезімде болған еді. Ол кезде мен 18 жастамын. Әлі тұрмысқа шықпағам. Ата-анаммен бірге тұратынмын. Мектепті жаңа бітіргем. Сабақ үлгерімім орташа болғандықтан институтқа бармадым. Келесі жылы медициналық училищеге құжат тапсырам деп шештім.Жаз мезгілі болатын.Көршінің әйелі босанатын болып ауруханаға кетті де, үш жасар баласы Әлмұхамметке қарайтын кісі қажет болды. Мен бос болғандықтан Әлмұхамметке күтуші болуға келістім (ақысына). Оған ата-анам да қарсы болмады.

Бұл оқиға оңтүстік жақта болыпты, сол жердегі жұрттың аузынан естідім. 90 жастағы Сейсенкүл апа Жомарт дейтін немересінің көлігіне отырып жүз елу шақырым жердегі бір ауылға бара жатады. Ол ауылда жамағайындарының бірінің жылдық асы өтетін болып, таңғы шайын іше салып ертелетіп жолға шыққан екен.

Жер де жазық, жол да жазық. Әрі-бері ағылған көліктер де көп болыпты сол күні.

Бала кезімізде ауылда бір апа жасы қырыққа келіп қалған Құралбай деген баласымен бірге тұратын. Бірақ сол қырықтығы Құралбай кішкентай бала сияқты еді. Ешкімге зияны жоқ. 9-10 жастағы балалармен де ойнап жүре беретін. Кім жұмсаса соның жұмысын істейтін. Үлкендердің айтуынша, Құралбай шайтанның қызына ессіз ғашық болып, соған үйленген. Кейіннен оның шайтанның қызы екенін білген соң туыстары арашалап алған. Сосын шайтанның қызы Құралбайды ақылынан айырған екен. 

Оқиға былай болған көрінеді...