Тайваньда теңіз жағасында арнайы байларға арналған демалыс орны салынады. Құрылыс кезінде көптеген қайғылы оқиғалар орын алады. Жұмысшылар құпия жағдайда жан тапсыра бастайды. Бірі жоғарыдан құлап мойындарын сындырған не қайтыс болған, енді бірінің беліне байлаған қауіпсіздік белбеулері өздігінен үзілген. Ел арасында қорқынышты әңгімелер пайда бола бастайды. Осыларға қарамастан құрылыс бітіп, ашылу рәсімі де болады. Бірақ демалыс орнына туристер аяқ баса қоймады.

Бүгінгі аңшылық сапарым өте сәтті өтті. Таңертең-ақ қасқырдың апанын оңай тауып алдым. Екі бөлтірігін ойнатып отырған қасқырға бірден көзім түсті. Көп ойланбастан қасқырды атып тастадым. Сөйткенше бөлтіріктерін итім жайратып салыпты…

Үйге келе сала, мен әйеліме еш қиналмай алған олжамды айтып, мақтана түстім. Сол кезде алыстан қасқырдың ұлыған дауысы құлағыма келді. Бірақ, бұл дауыс әдеттегі ұлушы қасқырлардың дауысынан ерекше болды. Құлақты кернеген дауыстан мұң мен сағыныш лебі сезілгендей болды…

 Тылсым дүние демекші, мені бір нәрсе ойландырып жүр.Жақын ағайындарымыздың қызы,бес –алты жылдықта аяқ астынан қайтыс болды.Аяқ асты болғанда 5-6- күндей ауырды.Дәрігерлер еш жерінен ештеңе таба алмады.Қанның қорытындылары еш қандай өзгеріс белігісін көрсетпеді.Түсірген аппараттардың бәрі  жасап тұрса да,ештеңені байқатуға мүмкіндік бермейтіндей түсініксіз  бұлдыр қортынды шығарып отырды. Емшіге апарса ,олар да мардымды ештеңе айта алмады.

     Кішкентай кезімде өзімнен бір-ақ жас үлкен әпкеммен ойыншыққа таласып, жиі ұрысып қалатынмын. Сонда әжем «Құлыным, адам баласы бұл өмірге қонақ болып келген. Жер бетіне мәңгі тұрақтау ешкімнің маңдайына жазылмаған. Араларында сыйластық болсын. Бір-біріңді ренжітпеңдер!» деп айтатын. Бірақ ол кезде баламыз ғой, бәрін шолақ түсінеміз. Өсе келе небір оқиғаларды естисің, кейде көріп те жатасың. Біреуді көлік қағып кетіпті, түгенше жүріп кетіпті т.б. Осындайда әжемнің сөздері еріксіз есіме түсіп, «Ол кісі біліп айтқан ғой, мына жалғанда ешкім мәңгі тұрмайды» деп қаласың. Жақында оқыған мына бір шынайы оқиға сенімімді нығымдай түсті. Авторы есімде емес. 
    Жасұлан - жан дегенде жалғыз бала. Арқа сүйейтін ағасы, артынан ерген іні-қарындасы да жоқ. Бар сүйеніші, тірегі - анасы болатын. Басында қандай қиындық тап болса да қолдауды анасынан іздейтін еді. Бірақ бүгін анасынан да мәңгілікке қол үзді. Жападан жалғыз қалды....