- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Нумерология – ежелден келе жатқан ғылымдардың бірі. Ол жеке тұлғаның өзіне ғана тән мінез, мақсатқа ұмтылыс, күш-жігер сынды қабілеттерін анықтауға көмектеседі. Адамның өзі білмейтін құпияларын да ашуы мүмкін. Оны жүзеге асырып көру үшін туған күніңізді білсеңіз жеткілікті. Әдетте 1-9 аралығындағы және қосымша 11, 22 сандары арқылы жүзеге асып отырады. Соңғы аталған екі сан ерекше қабілетті, мақсатына жетуде аянбай еңбек ететін жандарға тән. Оны қалай жүзеге асырамыз?
Мысалы: туған күніңіз 23.05.1993.
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
70-ші жылдары бір туысқан ағамыз Целеноградта оқып жүріп сол жақтың қызына үйленетін болды. Алғаш естігенде, ата-анасы оған түбегейлі қарсы болған. Өйткені, ол кезде оңтүстік пен солтүстік өңірдің салт-дәстүрі, тәлім-тәрбиесі, түсінігі, көзқарасы бәрі-бәрі өзгеше болатын. Бірақ жаңағы ағамыз алған бетінен қайтпай, ақыры сол қызға үйленді. Елге алып келген соң, амалы таусылған ата-анасы шағын етіп ауыл тойын жасап берді.
Алайда жеңгеміз бір ауыз қазақша білмейтін болып шықты. Ал ауылдағылардың арасында орысша білетіні бірен-саран ғана. Сондықтан ағамыз үйдегілер мен жеңгемнің арасында штаттан тыс тілмәш болып жүрді. Ауылдың тіршілігі жалықтырса керек, бір аптадан соң жеңгеміз кетемінге басты. Шыны керек, атам мен шешем (туысқан ағамыздың ата-анасын мен солай атайтынмын) «бір жолата кетсе екен» деп тілеп жүрген. Олардың тілегі тез қабыл болды. Жеңгеміз жолға жиналды. Бірақ ағамызды ерте кетті.
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Адам өз басынан өтпесе тылсым күштің барына сене қоюы қиын екен. Өз басымнан өткенге дейін мен де сенген емеспін. Осыдан 22 жыл бұрын басымнан өткен осы бір оқиға мені тылсым күштің барына сендірді. Сол оқиғаны «Алаш айнасы» оқырмандарына айтып беруді жөн деп таптым.
1993 жыл аумалы-төкпелі заман басталғаны әмбеге аян. Ол барлық жерде жұмыссыздық белең алған кез еді. Елдің көбі сауда-саттыққа көшті. «Өзен жағалағанның өзегі талмайды» дегенді ескеріп, мен Айдаркөлдің жағасында орналасқан балық шаруашылығымен айналысатын совхозға көшіп бардым. Ол кезде отбасым, екі балам бар. Жастық жігер мықты боды ма, әйтеуір, тәуекелшіл болатынмын. Бұрын қайыққа мініп, балық аулап көрген емеспін. Бірақ, «несі бар, елдің жасағанын мен де жасай алам» деп бел будым. Негізі әкем балықшы болған екен. Шардара су қоймасынан балық аулап, бала-шағасын баққан. Мен дүниеге келген жылы (1962ж) белгісіз жағдайда суға кетіп қайтыс болған екен. Сонан соң анам төркінін жағалап, Мырзашөл жаққа көшіп келіпті.
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Әрбір күн сайын әлемде неше түрлі мистикалық, қорқынышты оқиғалар орын алады. Адамдар осы жағдайдан қорғану үшін полицияға, құтқару қызметіне хабарлайды. АҚШ-та 911 номеріне соғып, осындай жайттарды баяндаған сәттер бар. Солардың бірнешесін айтып берсем.
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Өткен ғасырда Мырзашөл өңірінде тұрған кісілердің Ешмет молданы білмейтіні кемде-кем шығар. Ол кісі ел-жұртқа қасиетімен танылған молда болған. Бұхара, Самарқан, Хива, Қоқан, Ташкентте діни ілім алған. Өмірінің 25 жылын ілім алуға жұмсаған. Кеңес үкіметі тұсында діни ұстанымы үшін сотты да болған. Сол кісінің өзім куә болған бір-екі тылсым құдіретін ,айтып бергелі отырмын.
Страница 36 из 38