(жалғасы)

– Қорқуды білмейтін күнәсіз сәби ғой, ересек адам болғанда жүрегі жарылып өліп қалар еді… кәрі құдағи менің сол қолымды уқалап отыр екен…

Менің сөйлеуге шамам келер емес… іштей қорқуды білмейді дегенге масаттанып қоям… өзімді бір үлкен батыр сезініп… аузыма су тамызып жатыр…

– Қарасан келгір көк бұқада нең бар еді, қасқыр жемесе, бір күні өзі қайтып келер еді ғой… Апам атама ұрсып отыр… Атам үнсіз. Енді сөзді бақсы алды:

Қаладан кеше келгем. Осы ауылда анау алыстағы қалада оқып жатқан жалғыз менмін. Туыс-туған, көрші-қолаңның барлығы менен сарқыт дәметеді… Шамамша қалтамдағы қалған соңғы жармағыма дейін қаланың неше түрлі тәтті-дәруменін ала келетін әдетім… Биыл ерте қайтам деп хат жазып жібергем… Қайтатын қаржыны Есен ағам салып жіберіпті. Тіпті бұрынғылардан молырақ. Сосын Есен ағамның үйіндегі жеңгеме арнайы таңдап жүріп қос етекті әдемі көйлек сатып алғанмын. Сонымды алып үйлеріне келдім. Мен келгенде Есен ағам үйде жоқ екен, жеңгем әлі жасқа тола қоймаған баласын емізіп отыр екен. Алтын адам… Қай уақытта келсеңде жарқылдап отырады. Мені Тентекқара дейтін… Амандық сұрасып болған соң сәлемдемемді жеңгеме ұстаттым. Сыртта ойнап жүрген балаларды шақырып мен әкелген тәттіні үлестірген жеңгем көйлекті көріп балаша мәз болды…

Өз әжем, арғы аталарынан қасиет қонған, ел арасында емімен белгілі кісі болса да, «жолын жауып тастапты, жолын аштырып, ісі оңға басыпты» деген сөздерге еш сенбейтінмін. Әжемнің қолында өскендіктен, ол кісінің талай адамды емдеп, науқасынан айықтырғанын талай көргем. Балалық па, еркелік пе, әжемнің ем-домына аса мән бермейтінмін. Үйге бейтаныс кісілер көп келетінін де ескермей, қалай болса, солай киініп жүре беретін едім. Күндердің-күнінде әжем «Балнұр, сен енді бойжеткен қыз болдың, бойжеткен қызға елдің көзі түседі, тыртитып ласина киініп жүргенді қой» деді. Баяғы шолжаңыма салып «ой, қойшы, әже» деп өз білгенімді істеп жүре беретінмін.

 

Біз демалған санаторияда жасы келсе де, сынын бұзбаған, «сапты аяқтың сыры кетсе де,сыны кетпеген»,үлкендеу апай болды. Арасында амандасып жүріп, жақсы араласып , сөйлесіп кеттік. Одан қала берді, Қазақстан десе іш жылып тұратыны бар. Алматылық екен. Өте мәдениетті. Көрген мен түйгені мол жан екені көрініп тұр.Оның айтқан бір әңгімесінен, өте әсерлендім. Ол;"бір ауыз сөз,бүкіл өміріңді өзгертіп, бір ауыз сөз ажал келіп жанталасқанда, ажалдан да алып қала алады екен"- дегені бар бірде.

"Отағасы ерте қайтыс болғасын, ұл –қызым қатардан қалмасын деп,күндіз –түні жұмыс істедім. Әр- қайсысына жоғары білім алып бердім. Қиналған шығармын, бірақ балаларыма көз –жасымды көрсетпеуге тырыстым. Анамыз әлсіз екен деп, менен бетер жүнжіп кетпесін деп,тек солар үшін өмір сүріп, өзімді ұмыттым.Келін алдым. Немерелі болдым.
Бір күні болмашы нәрседен ұлымнан;

Тайваньда теңіз жағасында арнайы байларға арналған демалыс орны салынады. Құрылыс кезінде көптеген қайғылы оқиғалар орын алады. Жұмысшылар құпия жағдайда жан тапсыра бастайды. Бірі жоғарыдан құлап мойындарын сындырған не қайтыс болған, енді бірінің беліне байлаған қауіпсіздік белбеулері өздігінен үзілген. Ел арасында қорқынышты әңгімелер пайда бола бастайды. Осыларға қарамастан құрылыс бітіп, ашылу рәсімі де болады. Бірақ демалыс орнына туристер аяқ баса қоймады.