- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Менің басымнан өткен ұмытылмас қорқыныш. Сол күні мен ауылдан қалаға өз көлігіммен жолға шыққан болатынмын. Ауылға інімнің туған күніне барғам. Қонамын деп жоспарлаған болатынмын, бірақ басқа жағдайға байланысты түнгі сағат 12 де жолға шығуға тура келді. Ауыл мен қаланың ортасы 2-3 сағаттық жапан даламен жүретін жол болатын. Жолда ұйқым келіп, әлсін әлсін көзім жұмыла берді. Сондықтан радио қосып, сергек болу үшін 1-2 аузыма кофейный конфет салдым. Біршама уақыт өткен соң алдымнан әйелдің бейнесі көрінді, бет жүзін көре алмадым себебі алға қарай жүріп барады. Қасынан жаймен өте шығып кете бергім келді, бірақ кім білсін қыз бала, қандай да бір жағдай болған шығар, алып кетейін, әрі жолда әңгіме айтатын да адам болады деген оймен 5-6 метрге тоқтадым.
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Ауылға оралу
Алматының базарынан киім сатып алып, сықиып киініп алдық. Қала маңында тұратын дядя Вася үйіне қонақ болып кетуді ұсынғанмен, баруға Серік екеуміздің де құлқымыз болмады. Оның үш жылға тарта құлдық қамыт киіп, азап шеккеніне өзіміз кінәлідей біртүрлі ыңғайсыз сезінген едік. Серіктің туып өскен жері Семей өңірі. Оның ендігі арманы ауылына барып, мал алып фермер болу. Қиын күндерді басымыздан бірге өткізген олармен қимай қоштастым.
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Жалғасы...
Өрт
Мен өзімше қашудың жоспарын жан-жақты жасап, қалай, қайда кету керектігін де тыңғылықты ойластырып алдым. Бұрын құл болған қарасұрдың қолынан өлген елес-әруақтар мекен еткен тұзды көлден бес-алты шақырымдай қиғаш өтетін ескі жолдың сорабымен жүріп отырып, қала-аралық тас жолға шығуға болады екен. Біздің қыстаудан оған дейін 150 шақырымдай болып қалады. Әрине, мұндай жолды аяғына шынжыр кісен салынған, әлжуаз жүдеу біз сияқты адамдардың жүріп өтуі екіталай. Сонда не істемек керек?
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Жалғасы...
ХХІ ғасырдағы құлдық
Күнде бес уақыт намазымды қаза жібермеймін. Арақ ішетін достарыммен де араласпайтын болдым. Малдан айрылған соң үйде істейтін шаруа қалмаған. Соқталдай басыммен әке-шешемнің мойнында арамтамақ болып отыру онша ұнамсыздау сияқты көрінгенмен, басқа амал жоқ болғасын жазға дейін шыдайын деп жүрмін. Ойым жаз шыға Алматыға барып, жұмыс табу.
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
АҚШ азаматы Эван Александр қатты сырқаттанып, ауруханаға түседі. Бауырына жасалған отадан кейін ауыр ахуалдан оңалмаған күйі ессіз ұйқыға кетеді.
Екі апта бойы науқастың жағдайын бақылаған дәрігерлер оған «клиникалық өлім» диагнозын қойып, туыстарына оны жерлеу рәсіміне дайындала берулерін айтады. Миының тек жарты бөлігі ғана жұмыс жасап тұрған Эван бұл кезде расымен де өлі адаммен тең еді.
Страница 28 из 38