el24.kz Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанадағы әскери авиациялық база аумағында қауіпсіздік шараларының бұзылуы салдарынан бір әскери қызметкер жарақат алған.
"Зардап шеккен әскери қызметкер дереу елордалық медициналық мекемеге жеткізілді, оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты", – деді ведомство өкілі.
Оқиға жұмыс барысында болған.Қазіргі уақытта жағдайына байланысты тексеріс жүргізілуде.
Қорғаныс министрлігі тарапынан қызметтік тергеу басталды.