Фото: Tengrinews.kz/Санжар Мұстафин
el24.kz 2025 жылғы 9 шілдеде Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты алдын ала тыңдау өтті. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Айыптау тарабының мәліметінше, олар "Biz Birgemiz Qazaqstan" қоғамдық қоры арқылы жиналған 3,5 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырған. Тергеу деректерінде қаражаттың автокөлік, пәтер, зергерлік бұйымдар алуға жұмсалғаны айтылған. Сотта қорғаушы тарап процеске қатысушыларды фото-видео түсіруге тыйым салу және істі жабық форматта қарау туралы өтініш білдірді.
Бұл өтініштер бойынша шешім кеңесу бөлмесінде қабылданады. Негізгі сот процесі 14 шілдеде өтуі тиіс.