Оңтүстік Қазақстан облыстық  Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония ғимаратының концерт залында «Сүгір» атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің 15 жылдық мерейтойы өтті. Ұлттық өнерді ұлықтаған күй күмбірінің киелі кешіне жиналған өнер сүйер қауымның  өнерге деген, өнер  майталмандарына деген қошеметтері ерекше еді...  Елбасымыз Н. Назарбаевтвң «Болашаққа бағдар; Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған кешке арнайы облыс әкімінің орынбасары Ұласбек  Сәдібеков мырза келіп, Оңтүстік Қазақстан облысының  әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың  жылы лебізін және әкімінің грамотасымен: -өңірде мәдениет саласын дамытуға, халықтың рухани әлеуетін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін: -Жомартова Ғалия,Аюбаев Космонавт, Рысбаев Қайрат,Ендібаева Баян, Қонысбаев Рысбай  Сондай-ақ, өңір басшысының облыста мәдениет саласын дамытудағы ерен еңбектері еленген бірнеше өнер иелерін арнайы құттықтау грамотасымен  марапаттады.

            Сонымен қатар, Оркестрдің мерейтойына елордамыз Астана қаласынан  қазақ өнерінің жанашырлары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бектаев Әли Әбдікәрімұлы мен қоса, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Қасымқызы Дүйсенованың аттарынан құттықтау хаттар жолданды.  Ұлт-аспаптар оркестрінің құрылған жылдары мен оның тарихы туралы көрермендер назарына ұсынылған бейнероликтен соң, ұлт музыкасының облыста дамуына , оркестрдің  құрылуына құлшыныс танытып, қолдап-қуаттап, игі іске мұрындық болған азаматтарды Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония директоры Бейсеқожаев Нұрсат Саттарұлы алғысын білдіріп, сый-сияпат көрсетті.

          Сонымен қатар, облыстық филармонияның бірқатар өнер майталмандарын Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиаұлының арнайы алғыс хаттарымен Ерлан Дәуренбеков, Өмірбек Қонысбеков, Әбуова Гүлбала, Бейсеқожаев Нұрсәт, Әжібекова Зәуре, Утегенова Айзада, Нұрашова Айнұр, Серікбаева Наркенже, Тортаев Қуатбек марапаттады. Концерт соңы «Сүгір» атындағы қазақ-ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі Өмірбек Қонысбеков және Бас дирижеры,Халықаралық байқаулардың лауреаты Ерлан Дәуренбеков өз  өнерлерін  көрсетіп,патша көңіл көрермен назарын тәнтті етті.