2017 жылдың 21-24 қараша күндері ҚМДБ-ның төрағасы, бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен және Сәтбаев қалалық әкімдігінің ұйытқы болуымен Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі, исламтанушы-теолог Алтынбек Ұтысханұлы жұмыс сапарымен Сәтбаев қаласына келді.
Көрсетілген сапар күндері өте жемісті де жүйелі жұмыстар жасалып, аймақ жамағаты үлкен ризашылықтарын білдірді. Олар:
- аймақ имамдарынан сынақ қабылданды;
- Сәтбаев қалалық Б.Балқыбайұлы атындағы орталық мешіт пен С.Ошақұлы атындағы мешіттерінде, Ахмет Ишан Оразайұлы атындағы Жезқазған қалалық мешітінде жамағатқа түрлі форматта уағыз-насихат жүргізілді;
- әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы, №57 және №44 өртке қарсы бөлімнің ұжымдарымен экстремизм мен дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу тақырыптарында кездесулер өтті;
- жамағат мүшелерін жекелей қабылдау өткізді;
Сонымен бірге, Сәтбаев қаласындағы мешіттердің жұмысына оң баға беріп, дін саласында республикалық деңгейде жасалып жатқан жобалармен таныстырды.