ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Еркін елдің еріктілері» атты Қызылорда облысы еріктілерінің кездесуі өткізілді! Жиынға облысымыздағы еріктілікпен айналысушы ҮЕҰ жетекшілері, белсенділері және Республикалық XIII Ұлттық жастар Дельфий ойындарының жеңімпаздары қатысты. Жиын барысында ең алдымен «PRO BONO» қоғамдық қорының төрағасы Павел Горбачев «Әлеуметтік еріктілік» тақырыбында презентация жасады.
Онымен қоса ұйымдарының атқарып жатқан жұмыстарына, жобаларына тоқталды! Онан соң сөз кезегі «Қызылорда еріктілері» қоғамдық қорының директоры Ольга Чебакова «Еріктілер қозғалысының дамуы» тақырыбында сөз алды! Келесі кезекте сөз «Жас Отан» Жастар қанатының жанынан құрылған ерікті топ жетекшілеріне берілді. «Таза тіл», «Ардагерлер ардақтайық», «Балалар біздің болашағымыз», «Экспо-2017», «Ақпараттық-насихаттық» топ жетекшілері өздерінің атқарған табысты жұмыстарына тоқталды. Жиын соңында сөз Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев белсенді еріктілерді Тәуелсіздік күнімен құттықтап жұмыстарына табыс тіледі. Әрі «Экспо-2017» еріктілерін және Республикалық XIII Ұлттық жастар Дельфий ойындарының жеңімпаздарына облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтың алғыс хаттарын табыстап, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Кездесу барысында облыстағы белсенді 35 ерікті облыстық жастар басқармасы басшысының алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Кездесу соңында Ұлттық Дельфий ойындарында ыммен ән орындау номинациясы бойынша алтын иегері Қуандық Еркебұлан «Мен Қазақпын» әнін орындап шара салтанатты түрде өз мәресіне жетті.