Ел экономикасының дамуына үлкен кедергі тудырып отырған «Сыбайлас жемқорлықпен» күресу- баршаның парызы. Әскери киім киіп, Отанына адал қызмет етемін деген әскерилер үшін мұндай жат қылықпен айналысу кешірілмес қателік екені белгілі. Осы тұрғыда Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде үлкен жиын өтті. Шарада жемқорлыққа қарсы тұру бағытында 2017 жылғы атқарылған жұмыстар мен оның қорытындысы айтылды. Жекеқұрамға елімізде аталмыш бағытта істеліп жатқан тындырымды тірліктер де аз емес.
Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына орай , сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілген.
Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуды көздейді.
«Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі»- деп сөз алған Ақтау гарнизонының әскери полиция өкілі Максим Лесов мұндай келеңсіз құбылыстарды болдырмаудың бірі жолы халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімді тереңдету керек деп түсінеді.
Жиында мұнан бөлек әдеп кодексі де сөз болды. Онда басшылық тарап пен қызметкердің бір-біріне әдеппен сөйлесе білуі де көтерліген мәселелердің біріне айналды. Заң бұзушылықтар орын ала тұра құқығы бұзылған азаматтар дер кезінде құқық қорғау органдарына хабар беріп өз құқығын қорғаса, кінәлі тұлғалар жауапкершіліктен құтылып кетпейді дейді ұйымдастырушы тарап.
Мұнан бөлек шарада бас әскери прокуратураның даярлаған бейнероликтері көрсетілді. Онда жемқорлыққа жол беріп, бүгінде жазасын өтеп отырған азаматтардың темір тордағы қиындықтары мен отбасын сағынып, істеген ісіне бір емес бірнеше рет өкінетіндіктері бейнеленген. Мұндағы мақсат әріптестерінің басына түскен ауыртпашылықты көріп, теріс жолға қадам басуға жол бермеу. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты - оның алдын алу деп ой түйді ұйымдастырушы тарап.