Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ақпараттық-насихаттық жұмыстарын ұйымдастыру» жобасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылды. Жобаны «Қызылорда облысы бойынша «Жас Отан» Қор» корпоративтік қоры жүзеге асырды.
2015 жылы Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас Отан» Жастар қанатының жанынан құрамы 100 жастан тұратын «Экспо-2017» еріктілер тобы құрылды. Еріктілер 2 жыл бойы «Speak English» орталығынан оқыту курстарынан өткізілді. Аталған жоба аясында еріктілерді «Экспо-2017» көрмесіне дайындау мақсатында түрлі бағыттардағы семинар-тренингтер өткізілді. Мысалға «Қазақстан тарихы», «Алғашқы медициналық көмек», «Топты басқару», «Тұлғаның өзін-өзі дамытуы» бағыттарында болды.
Жобаның мақсаттарының бірі «Экспо-2017» көрмесін ауылдық, елді мекендерде насихаттау жұмыстары болды. Көрмені насихаттау мақсатында «ЭКСПО-ЕЛ МЕРЕЙІ» атты көш керуен облысқа қарасты жеті аудан, Байқоңыр, Қызылорда қалаларын аралап түрлі концерттік бағдарлама қойылып, елді мекен тұрғындарымен қызықты ойындар ойнатылды. Концерт барысында «Экспо-2017» көрмесін насихатттау мақсатында промо акциялар ұйымдастырылды. Акцияда көрме жөнінде, бару жолдары, билет бағалары жөнінде тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп әрі ақпараттық насихаттық таратпа материалдар таратылды. Жоба аясында көрмені насихаттау мақсатында аймағымызда 50- ден астам түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырлды. Соның ішінде атап өтер болсақ, «ЕХРО ЕХТREME» көше спорты жастары арасындағы сайыс, «Елімінің асқақ мәртебесі» тақырыбында облыстық ақындар мүшайрасы, облыстық жас суретшілер байқауы, «ЕХРО КВЭСТ» ойындары, облыстық туризм әлеуеті жөніндегі дөңгелек үстелдер және т.б. Көрмен жөнінде облыс тұрғындарына ақпараттық қолдау көрсету мақсатында Астана қаласына «Экспо-2017» көрмесіне 2 мәрте пресс-тур жасалып, жергілікті арналардан көрсетілді және БАҚ-да жарияланды.
Жоба аясында «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің елімізде өту барысында аймағымыздан 250 ерікті жастар және 30 зиялы қауым өкілдері көрмені тамашалады. Оның ішіндегі «Экспо-2017» еріктілер тобы Астана қаласында көрме уақытында 40 күн бойы еріктілік қызметтерін абыроймен атқарды. Көрменің соңында республикалық еріктілер форумында Ибрагим Рауан «Үздік ерікті» номинациясымен марапатталды. Еріктілер аймаққа
оралған соң Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жастар болашақ энергиясы» атты облыстық еріктілер слеті ұйымдастырылды. Слет аясында арнайы шақырылған қонақ республикалық «Экспо-2017» еріктілері штабы жетекшісінің орынбасары Дәурен Жолдасбаев еріктілерге семинар-тренингтер жүргізді. Аталған слеттің салтанатты шарасына облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов арнайы қатысып еріктілерге облыс әкімінің алғыс хаттарын табыстап әрі бағалы сыйлықтармен марапаттады. Бұл слет еріктілерге жаңа серпін және ерік жігер берді.