26 желтоқсан күні күні «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен облыстық партия филиалында мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Жиынға «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы, Алматы облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарма басшысы Әбдуалиев Ақан Жылқышыбайұлы, мәдениет саласының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы талқыланып, пікір алмасты.
Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы баяндама оқып, белсенді мәдениет саласының қызметкерлері марапатталды.
Кездесуде өз ойын Алматы облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарма басшысы Әбдуалиев Ақан Жылқышыбайұлы мәдениет саласында облыста 564 мемлекеттік мәдениет және архив мекемелері бар екендігін және жергілікті бюджет қаражаты есебінен Талғар қаласындағы мәдениет үйінің ғимаратына қазандық салынып, Талдықорған қаласында драма театрының құрылысы 2018 жылы аяқталатынын жеткізді.
Өнер адамдары өздерін толғандырып жүрген бірнеше сауалдар қойып, кездесу еркін пікір алмасу түрінде сәтті өтті.
Кездесу соңында облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы саяси жұмыста белсенділік танытқан мәдениет қызметкерлері марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.