Елбасы, «Нұр Отан» Партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Нұр Отан» партиясында және «Жас Отан» Жастар қанатында жаңғырту (модернизация) жұмыстары жүргізілуде. «Нұр Отан» партиясы тарапынан 2018 жыл «Жас Отан» Жастар қанатының жылы болып белгіленді. Биыл елімізде мемлекеттік жастар саясатындағы елеулі оқиға, наурыз айында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен «Жас Отан» Жастар қанатының IV съезді өткізіледі. Съездке Қызылорда облысынан 43 делегат қатысады.
«Жас Отан» Жастар қанатының жоғары органы Орталық кеңеске сайлау жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Республикасының 16-28 жас аралығындағы әрбір жас кандидат ретінде сайлауға қатыса алады. Сайлау ашық және онлайн дауыс беру арқылы жүзеге асады. Кандидаттың сайлау алды бағдарламасының маңыздылығы ескеріледі. «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалына консультанты қызметіне ашық конкурс жарияланды! Ашық конкурсқа жоғары білімді жас қатыса алады.
«Жас Отан» Жастар қанатында құрылымдық өзгерістерде орын алды. Алдағы уақытта «Жас Отан» Жастар қанаты 3 (үш) бағытта жұмыс атқарады. Олар: «Даму», «Сана», «Жүрек» деп аталады. Осы аталған 3 бағытқа сәйкес «Жас Отан» Жастар қанаты 2018 жылдан бастап 12 жобаны жүзеге асырады.
Олар: 1. «Teach for Kazakhstan» жобасы, аталған жоба мақсаты шетелде және Қазақстанда білім алушы студенттерді, оқытушыларды еліміздегі орта мектептерінде іс-тәжірибеден өткізу. 2. «Start Up Nation» жобасы жаңа идеяны жүзеге асырушы жастарды яғни новаторларды бизнес-компаниялардағы техникалық тапсырмаларды орындау үшін тәжірибелік білімдерін шыңдау. 3. «Сенің менторың» онлайн платформасы (ұялы телефон жүктемесі арқылы жүзеге асырылады) жобасы бұл тәжірибе алмасу алаңы болады. Құрылған алаң аясында қолданушылар әртүрлі бағыттарда бірге жұмыстар жүргізеді. 4. «Нұр Арман» стипендиялық бағдарламасы. Аталған бағдарлама аясында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі жастарды шетелде білім алуына қолдаулар көрсету. 5. «Сәтті қадам» жастарды жұмыспен қамтудың кешенді жобасы. 6. «Жастар Ауылға!» жастардың ауылда жұмыс жасауына ынталандыру әсіресе аграрлық секторда. 7. «Серпін» еліміздегі халық тығыз орналасқан аймағындағы жастардың халық аз орналасқан аймақтарында оқу оқып әрмен қарай, жұмысқа орналасуына ықпал жасау. 8. «Гүлдене бер туған елім!» жобасы, Ресейде білім алған түлектердің Қазақстанға оралып, еңбек етуіне ықпал ету. 9. «Жасыл Орман» жобасы аясында, жаз айларында еңбек
жасақтарын құру. 10. «Корпоративтік еріктілік» кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлердің арасындағы жас қызметкерлердің еріктілік жұмыстарға атсалысуын әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды қолға алу. 11. Call-centre «Soile» жастар мәселелеріне байланысты кеңестер беру орталығы. 12. «Жас Отан» Кітапханасы» жас Қазақстандықтарға оқуға кеңес бере отырып, 10 000 (он мың) кітаптан тұратын электронды кітапхана жасалады.
2018 жылдан бастап «Жас Отан» ЖҚ мүшелігіне өту, электронды жүйеде жүзеге асырылуда. «Жас Отан» ЖҚ кеңсесі жастарға ыңғайлы «Open Spaсe» форматына көшірілді. Осы мәселелер төңірегінде БАҚ өкілдеріне арналған брифингте «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиал төрағасы Абылайхан Сабанбаев хабарлады.