Әскер қатарында алдын-алу шараларының тиімділігін арттыру және ҚР Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы жолдауында талап етілген «Тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» принципін іскер асыру мақсатында,Ақтау гарнизоны Әскери полиция бөлімінің жеке құрамымен осы жылдың наурыз айында «Айыппұлсыз жыл» акциясы өткізілді. Шара барысында Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасымен бірлесіп 29011 және 51809 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері мен азаматтық тұлғаларына әкімшілік заңнамалардың талаптарын жеткізу бойынша конференция өткізілді. Сұрақтар қойылып тұшымды жауаптар да берілді.

Сонымен қатар аталған акция аясында Ақтау гарнизоны әскери полиция бөлімімен 25744 әскери бөлімінің әскери қызметшісіне қатысты бір әкімшілік хаттама толтырылып, Ақтау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданып, сот қаулысымен 25 айлық көрсеткіш есебінде айыппұл салынды.

Бүгінде қарыз толық өтеліп, мемлекет пайдасына қайтарылды. Ақтау гарнизоны әскери полиция бөлімі әскери қызметшілер мен қызметкерлерге гарнизон бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар жөнінде әкімшілік соттық қаулыларын және 2018 жылға 1 айлық есептік көрсеткіш соммасы таныстырылды. Аталған акция әлі де жалғасыуда.

 

Актау гарнизоны Әскери полициясы бөлімінің

Әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің офицері

 

әділет капитаны Б.Мусин


Ел үмітін ақтау-бізге парыз

 

Таңғы сағат тоғыздар шамасы. Маңғыстау облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде тағы қарбалыс. Көктемгі әскерге шақыру науқанына шақырылған 18-27 жас аралағындағы бозбалалар медициналық тексеруге асығып, комиссияның оң қорытындысын күтуде. Биыл облыс бойынша көктемгі шақырылымда 700-ден астам жас Отан алдындағы борышын өтемек.

Облыс әкімдігінде ағымдағы жылдың 3 наурызында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары – Облыстық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Сқақов Мақсат Нұрлыбекұлының төрағалығымен жиын өтіп, атқарылар жұмыстар пысықталған болатын. Бүгінде жергілікті әскери басқару органдарында әскерге шақыру комиссиясы отырысының хаттамасында қойылған талаптар толықтай орындалып отыр.

Жастардың әскерге баруға инеттері басым. Ол үшін қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен жергілікті әкімдік өкілдірі, ішкі істер департаменті бар күш-жігерін салуда. Отан деген қасиетті ұғымның мағынасы тереңде екенін білім беру мекемелері де табалдырықты аттаған күннен бастап үйретуде. Айта кетейік, әскер қатарына шақырылғандар Қарулы Күштер қатарына, Ішкі әскерлер мен Шекара қызметі, Республикалық ұлан, Мемлекеттік Күзет қызметіне жіберілітін болады.

Шекара қорғауға барғысы келетіндердің бойы 165 сантиметрден төмен болмау тиіс дейді, әскери бөлім өкілдері. Ал, Мемлекеттік Күзет қызметі болса, болашақ сарбаздарға қатаң талап қойып отыр. Бүгінде өңірден әскеріміздің ерекше құрметке ие болған бұл түріне - 10 Маңғыстаулық аттанбақ. Келбеті келісіп, денсаулығынан кінәріт табылмағандардың білім деңгейі де сараланбақ.

Жас жігіттер әскерге жарамдылықтарын тексерту үшін бірнеше дәрігерлердің тексеруінде болуы тиіс. Ақ халаттылардың сөзіне сенсек, облыста көз, мұрын құлақ аурулары көп. Дегенмен, олар толық жарамсыз деген сөз емес. Мұнан бөлек, биыл азаматтарды іріктеу барысында салмаққа байланысты түйткілдер де жетерлік. Бірінің салмағы аз болса, енді бірі артық салмақтан зардап шегіп жүргендер. Бұлар әскерге мүлдем жарамсыз деген сөз емес. Олар қосымша емделуди қажет етеді.

Ал, тексерістің қортындысына келер болсақ, оны айтуға әлі ерте. Себебі, әскерге шақыру науқаны шілді айының соңына дейін жалғасатын болады. Жауынгерлік парызын өтеуден тек отбасылы болып, 1 баланың әкесі атанғандар мен жасы 27-ден асқандар ғана босатылады. ЖОО-да әскери

кафедра бітіргендер мен ақылы әскери мектепті тәмамдағандар сарбаздық міндетін атқарған болып есептеледі.