Ынтымағы мен бірлігі жарасқан Қазақ халқының бұл мерекесін Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бөлімдері зор қуанышпен атап өтті. Мұнда ұлт пен ұлыстың басын тоғыстырып, бір мекемеде ауызбіршілікпен қызмет атқарады.Салтанатты әскери киім үлгісі мерекенің мерейін аша түсіп, халықтар достығына деген олардың сезімдерін шыңдады.Алғаш Департамент бастығы полковник Мақстат Шапатайұлы сөз алып, жеке құрамды аталмыш мерекемен құттықтап ақ жарма тілегін арнады.
Сөзін еліміздің Бас Қолбасшысының «Халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек» деген сөзімен бастап, мерекенің маңызына тоқталды. Әсіресе, ел бірлігі үшін қызмет етіп отырған әскерилер біз үшін осы тұрақтылығымыз бен тыныштығымызды сақтап қалу азаматтық парыз екенін түсіндірді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі, тілі басқа болғанымен тілегі бір ұлт өкілдері де жұдырықтай жұмылып ел игілігі үшін қызмет етуі керек деп өз сөзін қорытындылады. Бейбітшілікті ұран етіп, ортақ жұмысқа бар күш жігерін арнаған әскери қызметшілер мен қызметкерлер мереке күні департамент бастығының алғыс хатымен марапатталып, құттықтауына ие болды. Солардың бірі лезгин ұлтының өкілі Радик Амирханов. Оның депратаментте қызмет еткеніне 3 жылға жуық. 1 жылдық Отан алдындағы міндетін өтеп келген ол ойланбастан келісім шарт қызметіне қалуды ұйғарды. Білімі мен біліктілігі үлесім тауып бүгінде депратаменттің бетке ұстар әскери қызметшілерінің бірі болып отыр. Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлесін қосуға ант берген ол сертіне берік болып отыр. Салтанатты шара соңында барлығы естелік суретке түсіп, «Тәуелсіздік туын» мәңгі тұғырлы етуге сөз берді.