Бүгін 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Татулығы жарасқан – берекелі Қазақстан» атты мәдени-көпшілік шара болып өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.
Мерекелік шара «Бірліктің берік босағасы» атты әртүрлі этнос өкілдерінің шеруімен басталды. «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ, Жасай бер, мәңгілік ел – Қазақстан!» деп ұрандатқан этностар «Достық» биінен соң қазақ халқының «Ерулік беру» салт-дәстүріне қатысты.
Ырыс пен ынтымақ мерекесімен барша қызылордалықтарды облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Мерекелік шара концертке ұласты.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі