Заман ағымына ілесе дамыған жаңа қоғамда өмір сүру сипаты іскерлік болса, бұл жолда да жеткен жетістігіміз аз емес. Ал, жетістікке жету жолында сыбайлас жемқорлықты болдырмау барлығымызға міндет. Осы бағытта Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік» атты жиын өтті Елбасы Н.Ә.Назарбаев: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп атап өткен болатын. Осы бағатта ұйымдастырылған шараға Ақтау гарнизонының әскери полиция бөлімінің офицерлері мен Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастықтары, департаменттен құралған коммисия өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен оған қарасты басқарма бөлімдерде сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп отыр.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Шараға жиналғандар әскерге шақыру жұмыстары кезінде мыбайлас жемқорлықтың орын алуын болдырмау басты мақсат болуы керек деп отыр.

Мақсат қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ екенін барлығына түсіндіру. Әсіресе, әскерге шақырылым кезінде қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану. Осы арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу тек әскери қызметшілердің емес, барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

 

Баспасөз қызметінің бастығы 

лейтенант Д.Бухарбаева