Жат қылықтан аулақ болып әскери тәртіпке бағынған Маңғыстаулық әскерилер «Терроризм мен экстремизм - әлемдік қасіретке айналды» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Ел тынышытығын басты назарда ұстап, бейбітшілікті ту еткен жеке құрамға Ақтау гарнизонына қарасты әскери полиция өкілдері арнайы келіп, дәрістер оқыды. Мақсат- әскери ортада терроризм мен экстремизмді болдырмау. Шарада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылдың 3 сәуірінде бекітілген «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» атты заң шеңберінде бірнеше тапсырмаларға бағыт-бағдар бере отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. Оларға «Салафизм шырғалаңы», «Абайлаңыз ДАИШ!» атты фильмдер көрсетіліп, жат қылықтан бойын аулақ ұстау керектігі баса айтылды.

Жиын соңында әскери қызметшілер қоғамда теріс бағытта орын алған жайттарға да, бірсыпыра тоқталып өтті. Сонымен қатар, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары негізінде, болашақ сарбаздарға дұрыс бағытта - бағдар беру шараларын пысықтады.