Бүгін Достық үйінің мәжіліс залында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова, Қызылорда жоғары медициналық колледжі жанындағы Рухани жаңғыру орталығының меңгерушісі Ахмет Шарапатов, Қызылорда облыстық мемлекеттік архив басшысы Нағима Қуанышева, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлім басшысы Айгерім Беккулиева, облыстық ҚХА құрылымдары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел отырысынан бөлек шара барысында «Нәубет жылдар тарихы – архив деректерінде» атты көрме ұйымдастырылды.

Алғы сөзбен дөңгелек үстел модераторы, облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова сөз сөйлеп, ел тарихындағы қиын-қыстау заманның залалы туралы бөлісті.

Сонымен қатар, Қызылорда жоғары медициналық колледжі жанындағы Рухани жаңғыру орталығының меңгерушісі Ахмет Шарапатов «Қазақстандағы саяси қуғын – сүргін зардаптары» тақырыбында, Қызылорда облыстық мемлекеттік архивтің бөлім басшысы Жанат Алтынбаева «Зобалаң жылдардағы балалар тағдыры» тақырыбында, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлім басшысы Айгерім Беккулиева «XX ғасырдың 30-40 жылдарындағы Сыр өңіріндегі қуғын-сүргін зардаптары» тақырыбында баяндама жасады.

Шара одан әрі пікір алмасумен жалғасып, қатысушылар ел тарихындағы саяси қуғын-сүргін және ашаршлықы туралы өз ойларын ортаға салды. Мәселе бойынша «Қазақстан кәрістері Ассаоциациясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Юрий Кимде пікірін білдіріп, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және жастардың санасында жаңғырту маңыздылығына тоқталды.

Отырыс соңы осы бағытта алдағы уақытта атқарылар шаралар талқыланып, жоспарлы шаралар белгіленді.

 

 

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының

баспасөз хатшылығы