Гүнай Текин
Сəби көңілдің тазалығы - бұлақ суындай тұнық, саф. Сол тазалықты былғамау кімнің қолында? Əрине, үлкендердің қолында. Үлкендердің үлесіне түскен дүние екенін үлкендердің өздері де ұқпай жатады. Сəби көңілдің ең асылы - арманы. Арманына күле қарап, арманын мазақ қылғанды олар еш ұмытпайды. Оларға өмір əліппесін ақ ниет пен ақ көңілмен үйретуге ғана құқылымыз. Оларға қол көтеруге болмайды. Жан əлеміне əрбір тиген таяқ мəңгілік жара болып қалуы мүмкін.
Таяқтап ешкімді тəрбиелей алмайсыз. Адам қорқыныш дегенді бала кезден сезінуі де өмірде өзі шешім қабылдай алмайтын қорқақ адамдардың санатын көбейте бермек. Қорқақтық - өмірдегі ең ауыр дерт. Жазыла алмайтын дерт десем де болатын шығар, сəбилік шақтан бала тек таяқпен ғана тəрбие алса, оған өмір бақи күштілердің ғана сөзі өтпек. Жағымпаз əрі арсыздықта сол қорқыныштан туатын қасиеттер екенін біле жүріңіз!
Бала - ертеңіміз! Ертеңіміз жарқын болуы үшін бүгіннен тəрбиеміз дұрыс болсын! Бала - жан жылуына шөліркемесін. Жан жылуы жетіспеген жаннан жақсылық күтудің өзі баптамаған жеміс ағашынан жеміс күтумен тең.
Мейірхан Мейрамбекұлы аудармасы