Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, бұршақ жауады.
Орталығы Сібірдің батысында орналасқан циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер, елдің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына әсерін сақтайды.
Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Бұл аймақтардағы температура фоны түнде 8-15 градус, ал күндіз 17-22 градусқа дейін жылы болады. Республиканың қалған аумағында кең антициклон құрғақ және шуақты ауа-райын қамтамасыз етеді. Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.
Дереккө : ktk.kz