1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қоғамдық жоғары маңызы бар өзге даталармен қатар мерекеленуі мүмкін. Мұндай ұсыныс ашық талқыға шығарылған  Үкімет қаулысында  көрсетілген. 

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 23 маусымдағы тапсырмасын орындау мақсатында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастап, Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты мерекелеуді айқындау ұсынылады», - делінген қаулы жобасында.

Құжат Ашық НҚА сайтында 3 қарашаға дейін талқыланады.