Кеше Ақтауда халық "Хан апа" атап кеткен Парасат орденінің иегері,ҚР еңбек сіңірген қызметкері, ақын Ханбибі Есенқарақызы мен Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, республикалық байқаулардың лауреаты,композитор,әнші Құралай Сәтмұханбетқызының "Мен- ақынмын әйелмін, әлемді ойлар!" шығармашылық кеші өтті.Кешті белігілі ақын, профессор, Бауыржан Жақып жүргізді,- деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
 
Кеш әдеби- музыкамен әрленіп өте тартымды өтті.Кеште залдан қойылған бірнеше сұрақтарға ақын Ханбибі Есенқарақызы жауап берді.Соның ішінде "Нурикамал" әнінің туындау тарихы тереңде жатқанын,ақын өз аузымен көзі қарақты жұртшылықты хабардар етті. "Нурикамал" әнін естігенде толқымайтын қазақ жоқ шығар. Жүрекке жеткен,тыңдаушысын еріксіз елітіп әкететін әннің авторы болу екінің біріне бұйыра бермейтін бақ.
 
 Облыстық филормония әншісі Асанәлі Көшеровтің орындауындағы «Нурикамал» әні кеш ажарын аша түсті.
 
Маңғыстаулық ақын Ақшагүл Рамазанова сөз сөйлеп, өлең оқып, естелік ретінде өз кітабын замандас ақын Ханбибі Есенқарақызына сыйға тартты.
 
Көпке танымал, "Ауылға барам","Арман-әнім ","Алтынай","Ару Ана","Аппақ гүлдер" сынды хит әндерді дүниеге әкелген Құралай Сәтмұхамбетқызы, 150- ге жуық әннің авторы.
Оның шырқаған «Алтынай», «Ауылға барам» әндері көпшіліктің жүрегінен орын алып,тыңдармандарын үйіріп әкетті.