Мемлекет басшысының Жарлығымен Сәкен Сайынұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.


Айта кетейік, Сәкен Исабеков Д.А. Қонаев атындағы университетте «Юриспруденция» мамандығы бойынша білім алған.

2003 - 2021 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдардағы қызметтерді атқарды.

2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Президент күзеті қызметінің бастығы болды.

2022 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен және ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» медальдарымен марапатталған.