Астанада қаласы Сарыарқа ауданының прокуратуры денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне тексеру жүргізді,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі ҚазАқпарат қа сілтеме жасап.
Соның барысында емханалардың қала аумағында тұрмайтын азаматтарды, сондай-ақ қайтыс болған адамдарды негізсіз тіркегені анықталды.
Прокурорлар пациенттердің міндетті скринингін (жасы бойынша) және балалардың профилактикалық тексеруден өтпеуі, созылмалы ауруы бар пациенттерге дәрі-дәрмекті уақтылы жеткізбеу фактілерін анықтады.
Тексеру нәтижесі бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. 12,5 мыңнан астам азаматтың құқығы қорғалды. Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.