Бурабай курорттық аймағында Ақмола облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері бопсалаушылар тобының жолын кесті,- деп хабарлайды el24.kz тілшісі Polisia.kzке сілтеме жасап.
Полиция департаменті арнайы құрылымдары жауынгерлерінің және ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлерінің ауқымды арнайы операциясының нәтижесінде Щучинск қаласында Бурабай ауданының аумағында бопсалаумен айналысатын жас жігіттер тобының қылмыстық қызметі тоқтатылды.
Ұзақ мерзімді тексеру жұмыстары барысында бопсалаушылардың жергілікті тұрғындарды, негізінен жастарды мобильді банкинг арқылы ақшалай және тауарлық несие алуға мәжбүрлегендері, ал бас тартқан жағдайда зорлық-зомбылық көрсетіп қорқытқаны анықталды.
Топтың қылмыстық іс-әрекеттерінің дәлелдемелік базасын жинау үшін ҰҚҚКБ қызметкерлері бірқатар арнайы жедел іс-шаралар өткізді.
Соның нәтижесінде бопсалау, тонау, алаяқтық жасау және қылмыстық қақтығыстарға қатысу деректері анықталып, ресми түрде құжатталды және қылмыстық істерге тіркелді.
Арнайы операция барысында полиция қызметкерлері тінту іс-шараларын жүргізіп, қатысушылардың ұялы телефондарын тәркіледі. 4 дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабының 1-бөлігі және 194-бабының 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр.
Полиция бөліміне 8 айыпталушы жеткізілді, оның 4-еуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер ұсталғандардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардың барлығын анықтау бойынша кешенді жедел және тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.