фото adebiportal.kz
el24.kz Президент құттықтауында бұқаралық ақпарат құралдарының Әділетті Қазақстанды құруға және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімді баспасөз өкілдерін конституциялық реформаны, сондай-ақ тұтас мемлекеттік жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған өзге де ауқымды өзгерістерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау барысында конструктивті әрі жауапты жұмыс істеуге шақырды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы патриотизм ұғымына жауапкершілік пен жасампаздық тұрғысынан қарау қажет екенін атап өтіп, заңды құрметтеу арқылы егемендік пен тәуелсіздікті қорғау ұлты мен дініне қарамастан әрбір отандасымыздың міндеті екенін айтты.
Президент отандық журналистердің осы маңызды іске белсенді түрде атсалысатынына сенім білдіріп, сала өкілдеріне толайым табыс пен бақ-береке тіледі.
