«Нұр Отан» партиясының "Сәтті қадам" және "Кедергісіз келешек" жобалары аясында «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалы, облыстық «Жас Отан» ЖҚ және облыстық жастар ресурстық орталығымен бірлесе ұйымдастыруымен жас мамандарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңке аясында 22 мекеме 634 бос жұмыс орнын ұсынды. Оның ішінде партияның «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ», «Сәтті қадам», «Кедергісіз келешек» партиялық жобаларын жүзеге асыру бойынша «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының мекемелермен өзара ынтымақтастық туралы меморандумы аясында 16 мекеме 290 жұмыс орнын ұсынды.
Нәтижесінде жас мамандардан 34 адам, мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасынан 8 адам жұмысқа жолдама алды.
Жалпы 2017 жылы, қала бойынша 30-дан астам мүмкіндігі шектеулі азамат партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында жұмысқа орналасты. «Сәтті қадам» жобасы аясында ҰБТ шекті балл ала алмаған және ҰБТ-ға қатыспаған түлектердің 41 жұмысқа орналасты.
Талдықорған қалалық жұмыспен қамту орталығымен бірлесе 2017 жлдың 5 қыркүйегінен бастап 18-24 жас аралығындағы 56 жалдамалы қызметкер және 55-64 жас аралығындағы 25 жұмыссыз азамат 3 айлық қайта даярлау курстарына жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған «Талсу» ЖШС, ЖК «Түлкібай Күресбек», ЖК «Талмурзин», ЖК «Идрисова» және т.б. мекемелеріне 54 жұмыссыз азамат (оның ішінде 7 адам мүмкіндігі шектеулі азамат) жолдама алды. Жастар тәжірибесіне 314 адам (оның ішінде 7 адам мүмкіндігі шектеулі азамат) жолдама арқылы 86 мекемеге жіберілді.
но