Бүгін 31 қазан күні латын әліпбиіне көшу тақырыбындағы кезекті іс-шарамыз Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінде өтті.
«Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты танымдық- интеллектуалдық сағатты М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның «Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс» бөлімінің шығармашылық тобы ұйымдастырды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кирилицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды.
Осы жарлық бойынша бекітілген латын әліпбиінің соңғы нұсқасы студенттерге таныстырылып, жан-жақты мағлұмат берілді. Ең алдымен жастардың пікірін білуді жөн көрдік. Жастардың ойынша латын әліпбиіне көшу қиындықты туғызбайды, керісінше жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Елбасы латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын айтты, нақты бағыт-бағдарын көрсетіп берді. Бұл – заман талабы деген ой-пікірлер айтылды. Сондай-ақ, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы таныстырылып, кітапхана қорындағы латын әліпбиіне байланысты мерзімді басылымдарға шолу жасалды. Алдағы уақытта латын әліпбиіне көшу бойынша ақпарат жұмысы жалғасатын болады. Қатысушылар саны-40.