2017 жылдың 29 қазанында шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімінде кітап сүйгіштер клубының ай сайынғы кездесуі өтті. Клубымыздың қатысушылары Чарльз Диккенстің «Christmas Carol» атты шығармасын талқылаған еді, ол бүкіл әлемдегі балаларға зұлымдық пен ашкөздіктен аулақ болуға, ғажайыптарға сенуге, сонымен қатар басқа да адамдарға сүйіспеншілік танытуға баулиды. Біз шығармадағы барлық кейіпкерлердің, ертегілердің моральды жағдайларын қарастырдық.
Сондай-ақ, кітапті оқу барысында, біз кітапсүйгіштерімізбен, яғни 2009 жылғы «Christmas» мультфильмінің соңғы нұсқасын көрдік. Бұл кездесуге алғаш рет Арна колледжінің студенттері қатысты. Олар қызықты уақыт өткізгені үшін алғыстарын білдіріп, осындай іс-шараларды өткізу жайында өз ұсыныстарын беріп те үлгерді. Барлық қатысушылар бұл әдебиетті кеңінен талқылауға белсене қатысты, әрқайсысы еркін пікірлерін айта отырып, өздеріне белгілі бір қорытынды жасап, ойларын жеткізді.
Дәстүрлі түрде, дауыс беру әдісі бойынша келесі кездесуге профессор Толкиеннің «Hobbit. Or there and Back again» кітабы таңдалды.