20 қараша күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Ақмола облыстық филиалымен бірлесе Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы төңірегінде диалогтық алаң өтті. Шараға Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК директор орынбасары Мерген Тоқсанбайдың жүргізуімен, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының саяси бөлімінің жетекшісі Ерлан Мусипов, «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Смағұл, Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығының жетекшісі, қалалық маслихатының депутаты Тимур Ысқақов, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Сұлтанбек Бекешев, партиялық жетекшілер комиссиясының төрағасы Талғат Жалмағамбетов қатысты.
Отырысқа келген студенттер қауымына Елбасы мақаласын жақынырақ таныстырылып, жастар арасында «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен», «Ақпарат толқынында» сияқты Елбасы мақаласының басты төрт тақырыбы талықыға түсті. Қатысушылар өз пікірлерімен алмасып, көпшілік жастар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған міндет, мақсаттарын қолдайтынын жеткізіп, диалогтық алаң еркін сұрақ-жауаппен өрбіп, қызықты өтті.