Атырау облысының Қызылқоға ауданында 7 жасар қыз анасының 45 мың теңгесіне тәтті сатып алған.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Миялы ауылының тұрғыны аудандық полиция бөліміне 45 мың теңгесі жоғалғаны туралы арыз түсірген. «Арызданушының шағымына байланысты учаскелік полиция инспекторы Серіжан Қаратаев ақшаның қашан, қалай жоғалғанын анықтауға кірісті. Шағым айтқан аазаматшаның кәмелетке толмаған 7 жасар қызының дүкенге барып, мол тәтті алғанын анықтады. Полиция инспекторы қыздың көрсетуімен азық-түлік дүкеніне барып, сатушыға болған оқиғаны түсіндірген. Дүкеншінің айтуынша, кішкентай қыз бірнеше түрлі тәтті алып, қолындағы 45 мың теңгені беріп кеткен», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Жоғалған ақшасы табылған тұрғын учаскелік полиция инспекторына алғыс айтты.
 
Дереккөз : ktk.kz