Тас монша
- Подробности
- Категория: Проза
ДӘУРЕН ҚУАТ
el24.kz Қаламыздың тау бөктеріне жетіп жығылған тұсында буы бұрқырап тұратын бір монша бар еді. Көпшілікке арналған кең құшақ монша.
Сенбі, жексенбі күндері жұрт сыпыртқысын «сүйретіп», артынып-тартынып, әлгі моншаға қарай асыға басып бара жататын. Мен де сол көптің қатарынан қалған емеспін. Кірлемеу, жағаға кір жұқтырмау – қаршадайымнан бойымда қалыптасқан әдет.
Өң мен түс (Әңгіме)
- Подробности
- Категория: Проза
Жұмабай Шаштайұлы
Қара базардың бүгiнгi Арынғазы атты миллионерi қараңғы түнде шырт ұйқыда жатқан жерiнен шошып оянды.
Тұсындағы жiбек шатырлы шамдал шамның түймесiн басып қалғанда-ақ жарқ ете түскен жарыққа көзi шағылысты. Қыбылаға қарата тұмсығымен шаншыла iлiнген қасқырдың көзiнiң орны бiрталай аралыққа жырылып, тап сол жердiң қылшықтарына тұзды қақ тұрып қалғандай айғыздана ағараңдайды. Арынғазы қасқыр көзiнiң орнындағы мұншалықты жырыққа бұрын зер салып қарамағанына таң бола, аңырып қалды. Егер ашып қалса жыртқыштың жанарымен ұшырасатындай тұла бойы тiтiренiп өттi.
Шабдалы (әңгіме)
- Подробности
- Категория: Проза
Ниязымбет Гауһар
Жаздың жайма-шуақ керемет күндері еді. Ұзын бойлы Ермек биыл сегізінші сыныпты аяқтап, жазғы демалысқа шықты. Оның әкесі жекеменшік саяжайда бағбан болып жұмыс істейді. Кешке үйге келген әкесі оған кешкі аста ертең жұмысына ертіп баратынын, жеміс жинауға қолғабыс ететінін айтты. Түні бойы Ермек ертең бақшаға баратынын ойлап, көз ілмеді.
– Ертең саяжайға еріп барасың. Жеміс жинап, көмектесетін адам керек.
Беторамал (әңгіме)
- Подробности
- Категория: Проза
– Ертең саған барып жолықсам, өте тығыз әңгімем бар. Бір сағаттай уақытыңды қи, – деді баяғыдағы университеттегі ұстазым. Дауысы зілді.
– Келіңіз, аға, күтемін, – деп елп ете түстім.
– Сағат он бірде сенде боламын, – деді де телефонын өшіре салды.
Страница 421 из 725





