- Подробности
- Категория: Мырс етер
Ауылымда «Бәкубәй айтты...» деген әзілі аралас ұтымды сөздер ел аузында. Бәкубай, белгілі драматург-жазушы Шахмет Құсайыновтың туған жиен ағасы.
Бәкубәйдің айтқан жатыпатар, жертесер әзіл-қалжыңын, шымшыма айтқыр сөздерін ел аузынан жинақтағанмын. Шынында ауылдастар Бәкубәйдің айтқан әзілдеріне жұбанатын. «Сөйлеп қалған ауыз жыбырлағанын қоймайды» дегендей, қалжың қағытпалары ауылдастарының мұң-мұқтажымен астасып жататын. Ол айналасына күлкі сыйлап, өзгені жадыратып, өзі де жадырап жүретін. Ел тірлігінің көлеңкелі жағын айта білу де кез келгеннің қолынан келе бермейді ғой. Ал кеттім...
- Подробности
- Категория: Мырс етер
Ғани Әлихан
Ауыл деген өте қызық ! Менің балалық шағымның бəрі ауылда өтті. Ауылда тудық , ауылда мектепке бардық ,оны əупірімдеп жүріп бітірдік. Қысқасы, сол ауылда жүріп үйлендік .Біз 75-тер қандай ауызбіршілікті едік ,біреуі үйленіп еді ,сонан қалмайық деп, бəрі үйленіп тастады .Кластағы 16 жігіттің ,14-і бас аяғы екі-үш айда үйленіп,үйленбеген екі жігіт қалдық .Оның бірі мына мен, ал екіншісі Бақытжан деген жігіт. Содан не болды деңіз? Қысқасы қызықтың көкесі басталды.Ойбой кеше ғана байға тигендер, бүгін қатын боп байларын қызғанатынды шығарды.
- Подробности
- Категория: Мырс етер
Ғани Әлихан
Ауылда туып ауылда өстік қой.Бозбала кезімізде болған бір қызық оқиғаны айтып берейін.Оныншы сынып оқып жүрген кезіміз. Мұрнымызға махаббаттың иісі кеп, жүрегіміз жырлап жүрген кез. Сыныпта он төрт ер бала, он алты қыз баламыз.
Сол ғой, анау ана қызбен, мынау мына қызбен сөзі жарасып бала махаббат деп жүрдік қой.Соның ішінде Ермек деген досымыз болды .Сыныптағы Гүлнар деген қызбен сөйлесіп жүретін.
- Подробности
- Категория: Мырс етер
Ғани Алихан
Біз жігіт боп жетілгенде қу заман қурап көп нəрседен құр қалғанымыз бар. Ең алдымен дүкен сөрелерінен арақ кетті. Бұл құрғақ закон басталған кез . Ал қазіргі айтайын деп отырғаным сол ащы арақтың тапшы кезінде болған бір қызық оқиға ...
Күн кешкіріп қалған сəт , бешіріміз болатын күн .Мамамның дəрісін əкеп беріп кетейін деп дəріханаға шыққалы жатқанымда үш класстасым сап етіп кіріп келмесі барма .
- Подробности
- Категория: Мырс етер
Ғани Әлихан
Біз бәріміз ауылда өстік қой , ержеткен соң отан алдындағы борышымыз деп əскерге кеттік .Онан аман-сау оралып ауылға келгеннен кейін алдымызда ,үйлену-үй болу деген өмір заңы тұрды .Бірақ,ол кезде заман өзгеріп жоқшылық басталды . Жоқшылық деп жоқшылық емес, бірақ тоқшылық та емес болатын .Біздің жігіт болған кезіміз осындай алғау-далғау заманға тұспа-тұс келді.Сонда да əр адамның өз дəуірі бар емес пе? Көшені бермей қаңғып көп жүрдік .Бірақ қашан болмасын бойдақтықпен қош айтысуымыз керек қой .Арамыздан үйленем дегендер табылып жатты.Ол кез қызық .Ал бірге жүрген досың үйленіп арасында жүрсең, ол тіпті де қызық .Сонымен бүгінгі үйленетін досым Есбол деген есерсоқ ,бір үйдің кенжесі ,ауылдың құрдымға кеткен бұрынғы Парткомының баласы.
Страница 4 из 8