- Подробности
- Категория: Мырс етер
Осы өткен жылдарға дейін құрдастарымның қашқаны да қуғаны да менің үйіме келетін еді . Бір күні бір құрдасымның байы қашып келсе , келесіде тағы бір құрдасымның қатыны қашып келетін . Осылайша менің үйім олар үшін неке сарайына айналды . Сонда осының бәріне кінәлі қу арақ. Менің ішпегеніме он жыл болды . Негізі ауылдан шыққан араққұмар кеңестік дәуірдің соңғы тұяқтары біздерміз, оны мойындау керек ! Бірақ ол заман құрдымға кетті емеспе ?
- Подробности
- Категория: Мырс етер
Ғани Әлихан
Бала күнім шамасы бес алты жастарда болуым керек . Баларақ, ойын баласы кезім ғой. Ойнап жүріп ангинам көтеріліп қатты ауырып қалдым. Сол баяғы шешем байғұс , зыр жүгіріп укол салдырып қолынан келген ем-домның барлығын жасап шыр-пыры шықты . Алайда менің тамағым жақсы бола қоймады .Тіпті жұтындырмай тілім күрметіліп əбігерге түстім . Сонымен не керек, тамағыңды бастыру керек ,деген шешем бір қожа кісіні шақырып келмесі барма .
- Подробности
- Категория: Мырс етер
Ғани Әлихан
- Аға мұнда жүріңіз - деген ақ халатты жас келіншектің соңынан ере бердім. Сол жақ қолымды қойып , қан қысымымды өлшеп болған соң ,сол жерге ине егіп .
- Осында аздап жата тұрыңыз - деп шығып кете барды . Жалғыз қалып өз ойыммен өзім арпалысып мен де жата кеттім.
Міне қызық !
- Подробности
- Категория: Мырс етер
Əскерден жаңа келген кезім . Мамыр айы , күн əжептəуір қызып қалған кез. Енді не істесем екен деп ойланып , бас қатып үйде жатқанмын.
- Ойбай анау келінді өлтірді , баршы обал ай , байғұсты өлтірді-ау деген шешемнің жан айқайы шықты . Үйден атып шықтымда айғай шығып жатқан көршімнің үйіне қарай тұра жүгірдім.Қорған бойын жағалап кеп қақпа тұстан кіріп келдім.
- Подробности
- Категория: Мырс етер
Ғани Әлихан
Мұсылмандықтың басты қағидаларының бірі бұл сүндетке отыру ғой . Қазір бәрі оңай . Балаңды больницаға апарасың , хирург өзі сүндеттеп , өзі уколын егіп , дәрі - дәрмегін беріп , балаңды қайтып қолыңа әкеп береді . Ал біздің заманда ше ...Ооо ол кезде сүндет деген өзгеше еді ғой . Өйткені , ол кезде ауылда тұрамыз . Сонымен қаладан бір доғдыр келетін де бүтін бір көшенің балаларын бес - алты сағатта сүндеттеп кететін ...
Страница 5 из 8