Гүлдана Сермахан 
 
Неден ғана үміттендің байғұс жүрек,
Кім саған бола қояр енді тірек?!
Жыртық-жамау сендегі тілім еттің,
Ойланшы... құрандысы кімге керек?!
 
Қайғы-мұң...ащы көз жас...бəрі бəрі,
Болады ендігіде жүрек нəрі...
Махаббат - у сусындап жүре бергің,
Уды білсең у қайтарар болып дəрі...
 
Ащыны жұт шықсада көзден жасың,
Көрсетпе қиналғанды, көтер басың!
Не болсада сабыр де қарада тұр,
Бір күндері домалайды өрге тасың!
 
Бəрі алдамшы мына жалған бес күнде,
Сенбе жүрек өтінемін ешкімге...
Бар қайғыңнан арыласың бойдағы,
Алла үшін бəрін бірдей кештім де!
 
 Ғасы...!
 
С•үйретіп сары шекпенін келді күз,
А•қырын алысқа бір көзді сүз.
Р•еніші мол, жанары солғын тартып,
Ы•лди жақта барады бір мұңды қыз.
 
К•үрең күз сезімдерін суындырды,
Ү•зіп үміт, жүзін жасқа жуындырды
З•əнжірмен матап мұңға буындырды.
 
К•өтере алмай еңсесін гүлдей солды,
Е•кі көзі мөлтілдеп жасқа толды.
Л•ағыл тамшы жанарынан домалап,
Д•əмін татты зəһардың сермеп қолды
І•шіп алып денесі мұздап тоңды...
 
Е•ссіз "ғасы" осы ма еді керегі,
Р•аббың берген аз ғана бұл сын еді.
Т•үлен түртіп ібіліске ергеннің,
Е•себін ол бақида қалай береді?!
 
.Сағынам...
 
Сен мені жаным алсаңда сынға,
Жүрегім сыздап толсада мұңға.
Қызғандырып тисеңде жынға.
 Сені сағынам...!
 
Ойлаумен сағат тоқтаған кезде,
Тілдерін бұрып салғанда тезге.
Сен жазар сəт келмесе лезде,
 Сені сағынам...!
 
Мөлдір шық толғанда көзге,
Ұялатып күлкі жүзге.
Жабырқауын жанның сезде.        
Сағынышым тез орал!
 
Мұңдар көзде қалмасын тұнып,
Кетпесін бойдан дəрмен құрып.
Суығын күздің сезбей тұрып,
Сағынышым тез орал!
 
Сағынам...
...сағынышым тез орал!!!