Гүлдана Сермахан 1989 жылы Қызылорда облысы,”Қармақшы “ауданында дүниеге келген.Жырлары облыстық "Сыр дидары" газеттінде жарияланып тұрады. 2016 -жылдан бастап өлеңдер мен əңгімелер жазады. 2018 жылы "Сырымды айтам жырыма" деген электронды өлеңдер жинағы жарық көрген.
Жаз бітпейін сенім-баққа күз келді,
Жуындырып тамшысымен жүздерді.
Төтеп берем бар дауылға дегенің,
Жел сөз болып сезімдерің өзгерді.
Үнсіз ғана қол үзудің жəй-күйін,
Түсінбестен боп қалды ғой ол түйін.
Сəл ашуға сезім сөнбейд деуші едің,
Болғаныма сол сөздерің көк тиын!
Күткенімде көп үмітті күзімнен,
Күлкімді ол сап тыйды ғой жүзімнен.
Ғашықтықтан жанған оттың қазірде,
Ұшқыныда көрінбейді көзімнен.
Биыл енді күз нөсерін тоқтатпас,
Естелігім бірақ сені жоқтатпас.
Жауын асты мөлдіреумен отырам,
Жаңбырменен араласып тамшы жас!
Көк аспанда меніменен жылайды,
Өткізумен қоса бірге күн айды.
Қайтқан құстар олда бірге ілесіп,
Бұйырмаған бағалымды жырлайды.
Сүйе алмаймын білемін сені құшып,
Жолымнан енді алмайсың мені тосып.
Топ боп ұшқан құстармен жылы жаққа,
Көз көрмеске кетсем бе екен бірге ұшып?!
Аллаға сенем!
Ғазал жыр жазып,
Мұңлықтың мұңын шерткенмен.
Өмірде азып...
Шалдыққан жоқпын,
Махаббат дейтін дертке мен...
Өзгелер сынап,өзінше мені еліткенмен,
Бұрыпта басым қараған жоқпын,
Болған соң берік сертке мен!
Жүректі қинап,
Мұңдарын сыйлап,
Сол бір жан жырақ кеткенмен.
Бұлда бір сынақ,
Бəріне шыдап,
Бойымды тіктеп келем мен!
Дертіне қоса шипасын берер,
Аллаға ғана сенем мен!
Сағымда сынып,
Іштей бір тынып,
Ақырын көзді сүртсемде.
Көңілім қалып,
Аңсарым ауып,
Мұңды еткен жанды күтсемде.
Қоңырау шалып,
Алдына барып,
Түсірмен қадірім(ді) өлсемде!
Себебі сенем Бір Аллаға,
Өмірде нелер көрсемде!
Тағдырға налып,
Шаршаумен талып,
Қиындық қанша көргенмен.
Биікке ғана қолымды созып,
Алладан күттім жəрдем мен.
Делебем қозып,
Тұлпарым озып,
Бəйгеден алғаш келгенмен.
Аллаға деген...
Сабырым бітпес тəубеммен!
Сүйгенді сүй...
Жанарымда тамшы жас іркіледі
Өз - өзінен бір жылап бір күледі.
Құрғыр мына жүректі қайтсем екен,
Келместің жолын тосып көп жүреді...
Жолын күтпе ол енді табылмайды,
Сені іздеп зарыға сағынбайды...
Десемде жұдырықтай бір тілім ет,
Ақылыма білем еш бағынбайды...
Уақыт өте асауға бас білдірем,
Темір емес ақылыма иілдірем.
Біліп жүрші жүрегім бір күн сені,
Адал жанға шынайы сүйіндірем...
Сүйгенді сүй бірақта ей,жүрегім,
Білесің сүйместің мың тілімдерін.
Уақыт бөліп қайтесің ондай жанға,
Көзің жетті пəк сезімің бүлінерін.
Сабыр ет...аз ғана шыдап бақшы,
Білемін қу өмірде уақыт тапшы...
Сондада үміт үзбе жолығар жан,
Өміріңе болатын мəңгі сақшы...