Болған оқиға желісімен
Ғани Әлихан
Барымды бойыма тағып, қымбат киімдерімді киіп өзім ойлаған күні темір жол вокзалына жеттім . Қалтамда жүз мың теңгеден көп қомақты ақшам бар. Ол күнгі жүз мың теңге дегенің осы күнгі миллионнан құдіретті ақша ғой. Ал жанымда сөмкемді көтеріп құрдай жорғалаған сомбалдай азамат Оралхан жүр. Тек, өкініштісі сол бұл жігіттің тап бүгін құшағын көруді құдай жазбады.
Өйткені уақыттың тығыздығы оған мойын бұрғызбады . Қысқасы көп күттірмей гүрсілдеп келіп тоқтаған пойызға сөмкемді ала жүгірген Оралханның соңынан сызыла кірген мені көргенде жолсеріктер таң қалысып жатты . Іштей қызыға да қызғана да қарап , қандай бақытты жандар , қандай жарасымды жұптар деп ойлаған шығар . Алайда осы жігіт екеуміз арадан көп өтпей екі түрлі арнамен ағатынымызды олар қайдан білсін . Олар түгіл мына мен де ана Оралханда білмедік қой . Қоштасарда қимайсың-ау , жүретін уақыт жеткенде қарғып түсіп Оралханым өз жөнімен кете барды . Қол бұлғап “қош бол жаным” деп мен қала бердім . Сонан соң купеме кіріп киімдерімді ауыстырып өз орныма жатуға ыңғайлана бастадым . Қызығы сол билет алған купемде бір кейуана кемпірмен мен өзім ғана . Қалған екі орынның екеуі де қаңырап бос тұр . Енді жолсеріктердің зымырағандарын көрсеңіз . Ананы - мынаны айтып қандайда бір көмегіміз қажет болса айтыңыз қарындас деп маған жалбақтап өліп барады . Бірақ , менің халімді қайта - қайта келіп он рет сұрасада көрші отырған кемпірдің жайын бір ретте сұраған жоқ . Қайран өмір , бір кем дүние деген осы ғой дерсің . Жасыңда бәрі құмар , жасың ұлғайса қажетсіз болғаным дей бер .
Негізі бұл өмір заңы . Жасыңда , жалында да ойна да күл деген емес пе?. Көзді ашып - жұмғанша жастығың басыңнан бұлбұл ұшарын ол кезде ойламайсың- ау . Бұл менің өз өмірімнен түйген қазіргі ойым . Бірақ сол кейуананың сол күнгі айтқан бір ауыз сөзі есімде қалғаны бар . Алматыдан шыққаннан ұйқыға бас қойған бұл кісі ұйқысынан тұрып кешкі намазын оқуға кіріскен . Кедергі болмайын деп мен де купеден шығып, терезеден далаға қарап тұрғанмын . Сондағы жолақта тұрған менен екі мент келіп құжат сұрамасы барма?
- Қандай құжат керек?- деп тап бердім .
- Жеке басыңызды растайтын куәлігіңіз болса , көрсетсеңіз- дейді .
- Мүмкін байымның да құжатын көрсетермін- дедім мен де қағынып .
- Жоқ қарындас , өзіңіздің куәлігіңіз болса болды . Біз сізден заң бойынша құжатыңызды сұрауға құқылымыз . Көрсетіңіз- дейді .
- Құжат жоқ не істесеңдер соны істеңдер- дедім . Қысқасы біздің айқай ушыға түсіп , вагон ішін басыма көтердім . Оған көрші купедегілер шығып таңырқасып жатты . Сөзден қаламын ба , екеуінің ит терісін бастарына қаптап вагоннан қуып шықтым . Менің бұл қылығыма көпшілігі қол соғып қолпаштап жатты . Тіпті кейбіреуі бұл иттерге сол керек жарайсың қарындасым- деп арқамнан қақты . Мақтағанды кім жаман көрсін, сол сәттте өзімше бір үлкен ерлік жасағандай болып купеме кірдім . Сонда барып үнсіз отырған кейуанаға тіл бітті .
- Сен өзің оңбайсың -ау қызым - дейді . Мына сөзді естігенде төбемнен жай түскендей боп қалтырап кеттім . Неге?- деп сұрап үлгірмедім . Кейуана сөзін қайта жалғады .
- Намазымды қаза қыла жаздадың ғой , даусың не деген ащы еді , қазақтың қызы емессің бе ? Ұят қайда , ұялмайсың ба . Әкең мен шешең тәрбие берген бе өзі ? Қыз бала да солай айқайлай ма екен? Түріңе қарасам жап - жассың . Менің жасым сексенге таяп қалды . Осы жасыма келіп танымайтын еркектің жағасына жармасқан сені көрдім .
Оңбассың сен қыз оңбассың деп барып басын бұрып теріс айналды . Мына сөзден соң менің үнім өшті . Аузыма құм құйылған күйі қисайып жата кеттім . Алайда бұл сөз сол кейуананың соңғы сөзі болмады . Таң атып күн шыққанда түс көрдім - деп бастаған кейуанам маған тағы да тосыннан сый жасады .
- Бір өзің бір топ мақұлықтың арасында жүр екенсің . Мен сені танып қолыңнан тартып шығармақшы болдым . Өйткені сені өзіммен бірге ала кеткім келді . Бірақ сен аяғыңды алға қарап баспай қойдың . Өзіме осы жер ұнайды , қаламын- дедің . Мен содан он қадам санап ілгері кеттім . Сөйттім де тағы да бұрылып саған қарадым . Ал сені әлгі мақұлықтар , бірі аяғыңнан , бірі қолыңнан енді бірі мойныңнан тартып жатты . Болашағың бұлт басқандай бұлыңғыр екен қызым . Өйткені , менің түсімде басқан он қадамым сенің алдағы өтер он жылың .Үйіңе барда жеті шелпек таратып дұға оқы , намазға жығыл . Сонда ғана сенде бәрі жақсы болады . Болашағың айқын да жарқын болады . Ал енді өзің білесің . Мен түнде көрген түсімді айттым . Түсінгенге мұндай түсті жорытып жатудың қажеті жоқ - деді . Мына сөзге зәре құтым қалмады . Көңілсіздік басып күйім кетті . Қолымнан бар келгені сол кейуанадан қайта - қайта кешірім сұрау ғана болды . Сонан соң бүк түсіп жатып ойға баттым . Өз өмірімнің қай жерінен қателік жібергенімді білмей басым қатты . Қанша жаттым , білмеймін . Ұйықтадым ба жоқпа , оны да білмеймін . Әйтеуір бір қарағанымда әлгі кейуананы көре алмадым . Ұшты күйлі жоқ болды , зым - зия боп жоғалып кетті . Меніңше пойыз тоқтаған станса болған жоқ . Сонда бұл кейуана қайда кетті , ол маған осы күнге дейін жұмбақ . Бірақ мен болашағым жайлы сол кезде ойланғаным болмаса көп өтпей ақ ұмытып кеттім . Өйткені Ордадан түскенімде , мені көрген еркек атаулы жамырай жүгірді . Такси , такси деп бірі алдыма түссе бірі соңымнан жүгіріп шулап жатты . Тіпті кейбірі қолымдағы дәу сөмкеме жабысып көлігіне қарай тартқылап берді . Негізі мені ол кезде көрген еркек шулайтындай да бар едім . Өйткені киген киімімнен - ақ менің тегін жүрген қыз емес екенім көрініп тұратын . Оның үстінен сол күндері сорым боп бастаған сұлулығым тағы бар .Қысқасы , сол жерде сегіз мың теңге деп келісіп алып өз ауданыма жол тарттым . Арадан үш сағат өткенде аман - есен үйіме кіріп бардым . Мені көргенде әкеммен шешемнің қуаныштан төбелері көкке жеткендей болды . Үйде екеуі ғана екен . Ал үлкен ағам ауылдан жұмыс таппай дипломын құшақтап Арал қаласына кетіпті . Ананың жүрегі қыз балаға жақын ғой , менің киіміме қарап таң қалған анам енді маған үрпие қарай бастады . Ал әкемнің ойында түк жоқ , бұл маған ұқсаған менің қызым деп атойлап жатты . Енді менің екеуін бірдей алдап кетуден басқа амалым қалмады .
- Мам , білесің ғой Алматы үлкен қала . Ол жерде миллионнан көп адам тұрады . Мысалға , мен жұмыс істейтін кафеге күніне мыңдаған адам келеді . Солардың тамағына жүз теңгеден қоса беріңіз . Сонда ол қанша ақша болады , білесіз бе? Оған қосымша айлығым бар . Тегін жататын жерім бар , тегін тамағым бар . Сосын мам , Алматы сондай қала тынбай еңбектенсең аяқ астынан байып шыға келуің де мүмкін . Бірақ ол қалада мынандай қымбат киім кимесең көшке ере алмайсың . Қатарға қосыла алмайсың . Сол үшін мына киімдерді алдым емеспе ?Енді Алла қаласа папама бір машина әперсем деп жүрмін , түсініңіздерші мені . Оның үстіне оқуыма да аз қалды . Соған дейін жұмыс істеп ақша жинасам , сіздерге салмақ салмай оқысам ол енді жақсы емеспе айтыңыздаршы дей бергенімде сөзіме әкем араласа кетті
- Дұрыс - ақ , менің қызым дұрыс айтады . Қартайғанда неге маған машина мінбеске , мен не тоқалдан тудым ба , барса барсын Алматыға , жолына бөгет болма- деп шыға келді . Әкемнің сөзінен аспайтын анам да құшақтап алып ақылды қызым менің ақылды өзі аман жүрсең болды . Тек абайлашы қызым қайдағы бір әумесер әпербақан алып кетпесінші деп құшағына басты . Осылайша аңқылдаған анаммен әкемде әп - сәтте аттан аудардым . Міне осыдансоң Алматыға қайта баруға жолым айқара ашылды . Қысқасы мен үйде көп жүрмедім . Ауылда қалған бірен - саран достарымның басын қосып кішігірім отырыс жасадым да “Алла” деп Алматыға тайып тұрдым . Өйткені мен Оралханмен Болатымды сағындым . Бірақ менің алдымда тағы да бір , бағынуы қиын белес тұрған болатын . Ол менің келуімді күтіп Ордада оқып жүрген екінші ағам Берік болатын . Оның мінезі маған бұрыннан белгілі . Үйден шыққан әрбір қадамыңды аңдып отыратын қатал мінез . Айтқанынан қайтпайтын осы ағамды көндірсем болғаны ары қарай Алматы тиіп тұр . Ал онда менің ең қымбат екі бірдей адамым күтіп отыр ...
Ауылдан шығып Ордаға жеткенімде түс мезгілі болды . Ағамның таңертең оқитынын , енді келсе тек түстен кейін келетінім білемін , сол үшінде кешкі пойызға билет алып үлгірдім . Бұл негізі ағам маған қарсы шығып жібермей жатса тым болмаса қолымда билетім бар деп көрсету еді . Ендігі ойым тамақ жеп алсам сонан соң ағамды тосып отыра тұрсам деген ғана . Бірақ қарнымды тойдырған соң , қанша күтсем де межелі жерге ағам келмей қойды . Оның есесіне перон жағалап ананы - мынаны сатып жүрген бір сыныптас құрбымды көрдім . Сөйлеген сөзі , жүрісіне қарап бұл менің тоғыз жыл бірге оқыған құрбым Салима екенін таныдым . Сонда да ә дегеннен жетіп барудың жөнін таппай , сырттай бақылап біраз тұрдым . Сол өзімнің Салима құрбым екеніне анық көзім жеткенде ғана жақындай түстім . Құрбым болса әлемнен бейхабар , өткен кеткенге” нан алыңыз тамақ алыңыз” деп зар қақсап жалынып жүр . Сондағысы бір табақ қуырдақпен тандырға жаңа піскен нан . Қарап тұрып қатты ойға кеттім . Шыныменде менің күнім мынаның күнінен әлдеқайда артық емес пе? Мына құрбымның жүрісі құрсын . “Алыңыз , алыңызшы” деп әркімге бір жалынып жүргенше жылы төсекте жатпайма . Өзі де күнге қақталып қап - қара боп әбіржіп кетіпті . Міне осындай ойларды мен ойлап болғанша құрбымда тұспа - тұс келіп қасымнан өте берді .
- Әй девушка , тамағың қаншадан өзі , әкелші бері алайын -деп шәңк еттім . Сол мезет жетіп келген құрбым , табақтың бетін ашып жіберіп .
- Ыстық қуырдақ бар , алсаңыз міне 150 теңге . Сосын ыстық нан бар күлше нан , шәй бар , аласыз ба ?-дейді . Ойланып отырмастан “аламын “дедім .
- Аламын , ия бәрін аламын .Тамағыңды да аламын , наныңды да аламын . Бірақ осының бәрін екеуміз бірге отырып жейміз , келістік па ?-деп бетіне қарадым . Сөзіме түсінбеген Сәлима құрбым үсті басыма бір қарап алды да әрі қарай сөйлеп кетті .
- Мына жерде үш порция бар , сосын үш нан қалды . Бәрін қосқанда 525 теңге болады . Мен сізге бәрін алғаныңыз үшін 500 теңгеге беремін . Өзім асығыс едім , үйде жұмыстарым бар . Салып берейін ба , шыныменде бәрін аласыз ба?- деп қайта сұрады . Сонда ғана мен оған “Сәлимаш “деп барып көзілдірігімді шештім . Аңтарылып қарап қалған құрбым мені әрең танып .
- О Айша сенбе едің ?-деп қапсыра құшақтай кетті . Алайда өз киімінен ұялды ма білмеймін, әйтеуір құшағынан тез босатты . Осылайша ойда жоқта кездескен екі құрбының әңгімесі басталды .
- Тұрмысқа шықтым , төрт ай болды- дейді . Күйеуім Қазалынікі . Осында бір әпкесінің үйінде тұрып жатырмыз . Менің оқуым біткен соң , ауылға қайтамыз . Мына сатып жүргенім менікі емес , сол қайын әпкемдікі . Ол кісі ауырып жатыр , орнына мен шыққанмын . Ал енді өзіңде не жаңалық ? Оқуға түсе алмады деп естіп едім , распа ?Тым қатты өзгеріп кетіпсің . Тіпті танымай қалдым , кешірші құрбым кешірші мені деп апақ - шапақ болды . Мұндайда мен не айтайын?
- Ия құрбым , оқуға түсе алмағаным рас . Қазірше сол , Алматыда жұмыс істеп жатырмын . Алла қаласа осы биыл қалайда оқуға түсемін . Соған ақша жинап жатқан жайым бар . Ауылға келгенміне төрт күн болды . Енді қайтып барамын . Жұмыстың аты жұмыс , ертең сонда болуым керек . Қаланы білесің ғой құрбым , темірдей тәртіп бар . Ақша төлеген соң талабы бар -деп жуып шайдым . Қысқасы екі құрбы көп отырмадық . Күйеуімнің жұмыстан келетін уақыты болды . Алдынан барып тамағын пісіріп отырайын -деген Сәлимам үйіне асықты . Осылайша бас аяғы жарты сағатта хош айтыстық . Алайда тамағы үшін берген белі сынбаған екі мыңдығымды алудан бас тартты . Бірақ мен қоярда қоймай қалтасына салып жібердім . Ол кеткен соң көп отырмадым . Өйткені пойызым келетін уақыт таяп қалды . Ал ағамнан әлі хабар жоқ еді . Сәлиманың айтуына қарағанда ол осындағы ағамды көріп тұрады . Өйткені біздің ауылдан келген құрбы - құрдастар анда - санда өзара кездесіп тұрады екен . Оның ішінде мен мектептен қудырған Ерлан да бар . Сосын сол мектепте жүргенде сауатсызсың деп күнде төмпештейтін Әлия да бар . Әттең құрғыр осы Ордада ағам болмағанда еді . Онда менде сол құрбы - құрдастарымның басын қосып жіберіп отырыс жасап берер едім . Осылайша оқуға түсе алмасамда ,өзімнің олардан кем еместігімді көрсетер едім . Бірақ мына маған оның несі қызық . Қалай болғанда да мен олардан жақсы тұрып жатырмын емеспе ?Ең бастысы Оралханмен Болат аман болсын . Сол екеуі тұрғанда мен ешкімнен кем болмаспын . Ойымды бөліп шәңкілдеп шыққан дауыс пойызым келетінін хабарлап жатты . Бұл мен үшін әрине жақсы болды . Өйкені ағам келмеді . Енді мен алаңсыз Алматыға кете беремін . Күтуін - ақ күттім ғой , келмеген өзінен көрсін . Есесіне Салиманы көргенім жақсы болды . Ойткені оған ағамды күтіп отырғанымды айттым ғой , көрсе айта жатар . Осылайша шиқылдап кеп тоқтаған пойызға отырып Алматыға да аман сау жеттім . Қалтамдағы жазылған мекен жайды көрсетіп түс болмай жатып Көк төбеге келдім . Алайда мұнда бәрі мен ойлағандай болмады .Үйде жүрседе Болатым тағы да алдымнан шығып қарсы алмады . Сөмкемді көтеріп таксиден түскенімді көріп тұрсада жатын бөлменің терезесінен сығалап тұра берді . Ол аздай өз есебім бойынша бүгін күзетте болуы керек Оралханда көрінбеді . Міне осының бәріне өкпем қара қазандай боп үйге кірдім . Азын аулақ аман саулықтан соң , ертең больницаға баратын боп келістім . Себебі Болат тағы да сол баяғысына басып жанын қоярға жер таппай қолқа салды . Ал Оралханның қайда кеткенін ешкімнен сұрай алмадым . Сұрауға хақым да жоқ еді .Тек ертеңгі больницаға босқа барып уақыт жоғалтатынымды өзім ғана білетінмін . Өйткені мен үйде жүргенде күткен қонағым келіп кеткен еді . Ендігі бар ойым осы жайды қалайда өз пайдама шешу болды . Отырып алып ойлана бастадым . Ең бірінші мені больницаға кім апарады деген сұрақ тұрды . Сөзім іс - қылмысым бір Оралхан болса бүгін жоқ . Ол келсе де ертең келеді . Келгенменде онан маған пайда жоқ . Жоғарыда айтып өткенімдей күзетті қабылдап алған күзетші сол күні ешқайда шықпайды . Демек мені бүгінгі күзетте тұрған мына екеуінің бірі апарып келеді . Құдай - ай , неге мыналармен о бастан тіл табыспадым екен . Жеки сөйлеп мұрнымды шүйіргеннен басқа түк істегенім жоқ қой . Енді міне , осы екеуінің біреуіне жалынудан басқа амалым жоқ сияқты . Тамыр таныссыз ісің бітпейтін мына елде таныс гинекологы бар адам қажет - ақ . Ақша беріп болсада бір жапырақ керек қағазымды жаздырып алсам дегенімғой . Онан соңғысын кейін көре жатармын . Тым болмаса бір айдансоң , етеккірім келгенде түсік тастадым деп айта салмаймынба . Оны Болат қайдан біліп жатыр , солай емес пе? Не де болса ақшаны көбірек ала бармасам ,таныс болсын болмасын бұл мәселені шешермін . Сосын сол бір айдың ішінде Болаттың да сүйіншісін алып тым құрағанда ,қымбат көлігімен қаладағы үйін өз атыма жаздырып алармын . Міне бұл тамаша ойлап табылған ақыл емес пе ? Сен енді қара да тұр Болат . Сүйіншіңе қалағаныңды ал деген өзің емес пе едің ? Сен сөзіңде тұрсаң болғаны . Мен саған ертең - ақ екіқабат деген бір жапырақ қағазды әкеліп тапсырамын . Қысқасы менің бұл мәселемде ойдағыдай шешілді . Жақұттай жасыл қағаздан бесеуін алған гинеколог керек қағазымды жазды да берді .Оны көргенде аңқау Болаттың қуанышында шек болмады . Бірде қағазды сүйсе бірде мені сүйіп шыр - пыры шықты .
Мен болсам тағыда бір жеңісіме іштей қуанып жүре бердім . Міне осы күннен бастап менің жағдайым күрт өзгерді . Ертесіне - ақ Болат мені қаладағы пәтеріне жіберді . Қолыма уыс - уыс ақша ұстатып өз еркіме қоя берді . Тек қана жалғыз өтінішім мына бала, менің балам екенін ешкім білмесін дегенді шегелеп тапсырды . Ал ақшаң біткенде келіп кетіп тұрсаң болды , уақытым болғанда өзім барып тұрамын , алаңсыз жүре бер -деді . Міне бұл нағыз мен армандаған өмір еді . Енді маған жетпегені бір Оралхан болды . Оның орнын басатын бөтен еркек табыла қоймады . Аңсарым ауып сағынышымды басалмай жүріп арадан он бес күндей уақыт өтті . Ал Оралханнан мүлдем хабар болмады . Не өлі не тірі екенін білмей басым қатты . Өстіп жүргенде Алматының да біраз жерлерін танып үлгірдім . Өйткені үш бөлмелі пәтерде бір өзім тұрған соң ішім пысатын . Сонан көше шығып кез келген жеріме баратынды шығардым . Сөйтіп жүріп бір екі қыздармен , онан таксист жігіттермен танысып үлгірдім . Қолқа салып аяғыма кеп жығылса да о баста көнбей көп жүрдім . Осылайша арадан тағы да апта уақыт өтті . Ал не Болаттан не Оралханнан хабар болмай қойды . Соңында өзім іздеп баруға бел байладым . Ертең - ақ барып бәрінің анық қанығына жетемін дедім . Айтқанымдай ертесіне таксиге отырып қайдасың Көк - Төбе деп тайып тұрдым . Егер Болат үйде болса ақшам бітті деп айтамын ,ал Оралханды көре қалсам жалғызбын күтемін деп айтамын деп келе жаттым . Алайда Болат тұрмақ Көк - Төбе жолынан оның үйіне қарап жүре алмадым . Өйткені алдымызды кес - кестеген милиция қызметкерлері әрі қарай жібермей қойды . Сөзге келмекші болған таксистім ЧП болыпты дегеннен басқа сөз айта алмады . Осылайша қаптаған машина алды артымызға жинала берді . Құдды бір соғыс болып жатқандай қорқынышты болды . Милиция машинасынан аяқ алып жүре алмайтындай көрінді . Сонда ғана бір сұмдықтың болғанын ішім сезді . Заржақ радио жағымсыз жаңалығымен қақсап берді . Бүгін таңғы сағат сегіздер шамасында Көк - Төбеде қайғылы оқиға орын алды . Алматы қалалық ішкі - істер департаментінің қазіргі мәліметі бойынша , екі адам қаза тауып тағы бір адам қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген . Қосымша ақпаратты келесі жаңалықтардан ести аласыздар деп барып бір - ақ тоқтады . Мына сөзді естігенде тас төбемнен жай түскендей болды . Енді менің тағатым таусылып бітті . Таксиден түстімде жақын тұрған милицияны сұрақтың астына алдым . Тіпті Болатқа бірнәрсе болған болса мен оның әйелімін деп айтып салдым . Мына сөзіме таңырқай қараған милиция мені қолымнан жетектеп көлікте отырған шендіге апарды . Ол жерде де қаймықпадым . Болат менің күйеуім мен оның әйелімін деп қайталадым . Көздері бақырайып кеткен сорлылар енді мені тергеудің астына ала бастады .
- Кімсіз , әйелімін дейсізбе , қайдан келесіз , сіз Болатты соңғы рет қашан көрдіңіз т.с.с сұрақтарды үйіп төкті . Сондағана мен сорлы оңбай адасқанымды түсіндім . Қолымнан келгені Айша атымды Ажар деп қана айтып үлгірдім . Сол сәтте қандай да бір шендінің келе жатқанын рация арқылы хабарлап жатты . Мұны естіген менің айналамдағы милициялар сонда қарап тұра жүгірісті . Тап осы сәтті пайдаланып мен де өз таксиіме отырып тайып тұрдым . Алматыға жеткенше заржақ радиодан сол жағдайды тағы да екі рет естідім . Қылмыс әлемінің қара серкесі Болат Әділхан ұлы бүгін таңғы сағат сегіздер шамасында қастандықтың құрбаны болды . Оқиға орнында криминалды милиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр . Ал екінші мәйіттің кім екені әлі белгісіз . Тергеу амалдары жалғасуда деп барып бір - ақ тоқтады . Сонда ғана сорлы басым Болаттан мәңгі айрылғанымды түсіндім . Түсіндім де көз жасыма ерік бердім ...
Арадан бір сағат өтпей қаладағы Болаттың пәтеріне келдім . Келдім де көз жасымды төгіп - төгіп жастығымды құшақтап жата кеттім . Басым мең - зең күйде .Үрейім ұшып ес жия алар емеспін . Сол жатқаннан басымды көтерместен үш күн жаттым . Не ас батпады, не тамағымнан су өтпеді , тек сүлбесі ғана қалған тірі өлікке айналдым . Бұл кезде тек мен ғана емес бүкіл Алматы қара жамылғандай күйге түсті .Тіпті қала көшелеріне көлік сыймай кептеліс басталды . Қаптаған қалың адамнан аяқ алып жүре алмайтын дәрежеге жетті . Өйткені Болаттың жаназасына Алматыдан ғана емес бүкіл Қазақстаннан тіпті жақын шетелдерденде адамдар келіп жатты . Оның үстіне ауа райы күрт бұзылып жаңбырда тынымсыз құйып берді . Қара халыққа қосылып көк аспанда күңіреніп жылағандай болды .Осылайша аты аңызға айналған арыстай азамат Болат дүниеден озды . Сондағана мен бейбақ қандай адамнан айрылғанымды түсіндім . Дегенмен өлгеннің артынан өлмек жоқ .Тірі адам болған соң тіршілігімді жасауға бел будым . Басымды көтеріп айналама қарай бастадым . Болаттан айрылдым тым болмаса Оралхан келсе екен деп армандадым . Бірақ сол арманыма арадан он төрт жыл өтседе жете алмадым . Өйткені сол кеткеннен мол кеткен Оралхан қайтып келмеді . Зарығып жылап қанша күтсемде хабар болмай күдерім үзіле бастады . Осылайша сағым сынып бұрынғы күйіме қайта түсе бастадым . Өйткені Болаттың берген ақшасы бітуге айналды . Қалайда қозғалу керек деп аштан өлмеудің жолын қарастырдым . Ең соңында бұрынғы өзім істеген кафеге жұмыс сұрап бардым . Жасы өзіммен қарайлас бір қыз мені сол кафенің басшысына ертіп апарды . Қырықтардың үстіндегі кавказ тектес азамат мені көргеннен - ақ жұмысқа қабылдады . Міне осыдан кейін менің азапты күндерім басталды . Себебі мен кафедегі кавказдықтардың көзінің құртына айналдым .Тіпті аяғымды алып жүре алмайтын дәрежеге жеттім . Соңында бұл кафеде мені пайдаланбаған еркек қалмады . Қожайынсымақтың бәрінің қолжаулығына айналдым . Кезінде сырттай сорлы деп ат қойған Болатымның қадірін сонда ғана түсіндім . Шыныменде Болат өлген соң өзге ұлт өкілдері бас көтере бастады . Өйткені Болаттың құйыршықтары ақша үшін қазақтан басқаның бәрін бастарына көтерді . Тіпті кім кінәлі , кім кінәсіз деген көше қағидасын мүлдем ұмытты . Әрқашан ақшасы жоқ сорлы қазақ кінәлі боп қала берді . Оның соңы ақшалы да қалталы өзге ұлт өкілдері ойына келгенін істей бастады . Мына менде солардың құрбанына айналдым . Себебі менің ешқандай басқа жолым қалмады . Ауылға қайтып баруға намысым жібермеді . Осылайша , бас аяғы екі айдың ішінде бұрынғы байдың бәйбішесінен мұндағы бастықсымақтың жезөкшесіне айналдым . Қысқасы күндерім осылай өтіп жатты . Шыдамым бітіп , төзімім таусылуға айналды . Себебі жұмыстан қалсам болды зіркілдеген қожайыннан сөз естіп зәбір көрдім . Ақыры екінші жалақымды алған күні бәрін тастап өте шықтым . Содан Болаттың пәтеріне барып он күндей тағы жаттым . Бұл кезде мен ішімдік ішуге қатты әуестенген болатынмын . Өйткені көктем кетіп жаздың ыстығы басталған еді . Бір күні пивомды ішіп ойға батып ас бөлмемде көңілсіз отырғанмын . Қонақ бөлмедегі теледидардан Болат деген сөзді естіп тұра жүгірдім . Сондағы көргенім мынау болды . Сөйлеп отырған полковник шенді милиция бастығы Болат жайлы әңгіме қозғай келе , Болат деген нағыз қанды қол қарақшы , рэкетир , ол нағыз қылмыскер деп айтып салды . Мына сөзді естігенде көзімнен жас ытқып - ытқып шығып кетті . Өйткені бұл адамды мен танимын .Танығандада өте жақсы танимын . Болат тірісінде Бәке деп алып басын бұғып біздің үйге көп келетін .Тіпті әр келгенде құр қол келмей жеңешеме деп әртүрлі сыйлықтар әкелетін . Енді міне , бір кездері өзіне қорған болған Болатын жамандап , жерден алып жерге салып отыр . Онымен қоймай дүние мүлкі тәркіленеді деп отыр . Нағыз арамза айуанның өзі екен .Тап осы кезде Болаттың , ең көп айтатын сөзін еске алмағанда қайтерсің . Ол екі сөзінің бірінде қазақтың жауы қазақ қана дейтін . Міне , арадан көп өтпей сол айтқаны дөп келіп жатыр . Өйткені кеше ғана Болаттың алдында құрдай жорғалап Бәке , Бәке деп жүрген мына адам бүгінді күн дым көрмегендей оны жамандап отыр . Емін еркін көсіліп , қып - қызыл өтірікті соғып отыр . Ұяттан жұрдай арамза осылайша көкіп отыр . Қайран кеткен есіл ерім дерсің , жағаңды ұстарсың . Бірақ болар іс болды , бояуы сіңді . Алланың құдіреті қанша жерден күшті десекте Болаттай арыс енді тіріліп келмесі анық . Егерде Алла әмір беріп тіріліп келе қалса ше , онда ол ең бірінші мынандай сатқынның екі көзін ойып алатынына еш күмәнім жоқ . Мен оған өз басым сенемін . Өйткені Болат ең бірінші ұлттың қамын ойлаған адам . Қазақтың ауызбіршілігімен болашағын ойлаған адам . Кезінде ырду - дырду қырқысқан қазақтың басын қосып бір төбеге жинаған адам .Тіпті осы Алматыда қайсібір базарды кавказдықтардан тартып алып қазақтарға бөліп берген адам . Әрине мен мұның бәрін Болаттың өз аузынан естімесемде Оралханнан шет жағасын естігенмін . Міне Болат осылайша аты аңызға айналған адам . Бірақ өкініштісі сол Болаттың соңынан айтылған мынандай сөздер жаныңа қатты батады екен . Онымен қоймай мынаның сөзіне сенсек Болаттың ісі барлық жағынан егжей - тегжейлі тексеріліп жатқан көрінеді . Жақын күндерде бәрі анықталып , іс сотқа өтіп барлық мал - мүлкі тәркіленеді екен . Демек , менің де күні жеткенде мына пәтермен хош айтысуым мүмкін . Кейіннен ұзын құлақтан естуімше , бұл негізі тапсырыспен болған өлім екен . Болаттың солай өлтірілгенін сол кезде Алматының кез келген тұрғыны айтып жүрді . Халық айтса қалт айтпайды деген бар емеспе . Оған мына менің де күмәнім болған жоқ . Өйткені бірде маған Болаттың өз аузымен : кезінде менің арқамда төбесі көкке жеткен кейбір ағаларым осы күні өзіме қарсы шауып аяғымнан тартып жүр дегені бар еді . Менің сол кездегі теледидардан көргенім Болаттың сөзін дәлелдей түскендей әсер қалдырды . Өйткені өлген адамның соңынан қылмыстық іс қозғап дүние мүлкін тәркілеу деген ақылға сыймайды . Мейлі бұл сонау екі мыңыншы жылдардағы оқиға болсада осы күнге дейін жауабы жоқ жұмбақ өлім боп келеді . Қысқасы арадан көп өтпей мен сонда пәтерден айрылдым . Ол жағдай былай болды . Болаттан өлгенсоң Алматыны қаңғып тағы да біраз жүрдім . Кей - кейде кесе көлденең аттылармен кездесетінді шығардым . Тіпті кейбірін өз пәтеріме кіргізіп түнетіп жүрдім . Сөйтіп жүргенде бір күні ауылдан қуанышты хабар жетті .Үлкен ағам жұмысқа тұрған соң бұрыннан жүріп жүрген қызына үйленіпті . Енді маған ол тойға бару үшін қомақты ақша керек болды . Сол үшінде Болаттың әперген қымбат шубасын үштен бір бағасына сатып қалған күздік - қыстық киімдерімді жинап үйге бардым . Тойдың болғанынан боладысы қызық дегендей даңғырлаған той бір кеште өте шықты . Сонансоң баяғы әдетіме басып әкемді - шешемді алдап арбап Алматыға тағы да қайттым . Міне менің осы келгенім өз өмірімдегі оңбай қателскен жерім болды . Өйткені пәтеріме келгенде , есігіме " қылмыстық тергеу амалдары жүргізілуіне байланысты ашуға тыиым салынады . Рұқсатсыз ашу Қазақстан Республикасының ( қандайда бір ) заңына сәйкес заңмен қудаланады " деп мөр басып жапсырылған қағазды көрдім . Міне бар болғаны бас аяғы бес минуттың ішінде мен далада қалдым . Осылайша барғанның балтасы келгеннің кетпені болған өмірім басталды . Қысқасы осының бәрін өзім сезбеген жағдайда кешегі Ханшайымнан көшедегі жезөкшеге айналып бара жаттым ...
Жалғасы бар...