Топанбай Мейірхан Мейрамбекұлы – жас ақын, аудармашы. 1994 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Республикалық «Шарапат» шығармашыл жастар байқауының бас жүлдегері. Туғалы көз жанарының нашар көруі, сал дерті сияқты ауруларына, жүректегі ақауы да денсаулығына біраз зардабын тигізіп отыр.
Шығармаларын зағип әліппесімен жазатын ол, негізі түрік тілінде жазып, қазақшаға аударады. Жігері мықты жастың аударма саласындағы еңбегі халықтар арасындағы қарым- қатынасты нығайтуға азды -көпті үлес қосып жүр. Тағдырына ешқашан шағынып мұң шертпейтін жас, біреудің мүсіркегенін ұната бермейді.Жаны таза,уәдесіне берік.Өзім дегенге өзегін жұлып беруге бар.Мейірханға ертеңгі туған күнімен құттықтап, тау суындай таза көңіліңді ешқашан кір шалмасын деп, шығармашылығын одан әрі дамыта беруіне тілектеспіз !
Мейірхан - жүрегі жаралы жан. Алайда жігерін өмірдің өзі ұштаған. Тағдырдың дауылы бұтағына сызатын келтіріп, есеңгіретіп кетсе де, өнерге ғашық жүрекпен қайта өмір ағысына қосылған, өз сызатын өзі емдеп, ерке көктемде қайта бүр жарған шынар ағашы сынды!
Жазира Әнуарбекқызы,
Филология және психология
ғылымдарының докторы,
әдебиет сыншысы.
Топанбай Мейірхан Мейрамбекұлы. Тағдыр жолы бұралаң, жанын кеулеген дерт туғалы қыр соңынан қалған емес. Ол өлеңді өзі үшін жазады, дертті жанын емдеу үшін. Жұдырықтай жүрегі бақыт іздеп сабылады. Туғалы ДЦП,эпелепция, ми тамырларының кеңейіп кетуі, көз жанарының нашар көруі сынды ауруларен алысып келе жатса да, қолынан қаламын тастаған емес. Мен ең сыншыл әдебиетшілердің легін бастап тұрсам да, Мейірханның жырларын еш сынай алмаймын. Себебі, сыршыл жанның өзін жұбатуына кедергі келтіргім келмейді.
Айнұр Әбдібекқызы,
филология ғылымдарының докторы
Жүйкенің білмей қадірін
Кешікпей тірлік бітпейді. Кешірмей достық сақталмайды. Ренішпен бəрі аяқталмайды, адамды-адам бірден алмастыра салмайды. Бəріне уақыт керек. Уақыт - күнге бағынышты нəрсе. Сіз - жүйкеге бағыныштысыз. Күн өз өрісінен жаңылмайды. Сіз жүйкеңізді сақтаудан жаңылмаыңыз. Жүйке - өмір өзегі.